Қоғам | Общество

Алматылық медицина қызметкерлері 13,8 млрд теңге көлемінде қосымша ақы алды

Медициналық сақтандыру қоры тарапынан коронавирус пен пневмонияға қарсы күреске 159 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Алматы қаласы бойынша аталған іс-шараларға 22,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды МСҚ Алматы қалалық филиалы.

Қазақстанда коронавирус пен вирусты пневмонияға шалдыққан азаматтарға медициналық көмек сақтандырылған-сақтандырылмағанына қарамастан көрсетіледі. Сондай-ақ, COVID-19 жұқтырған және індет белгілері табылған пациенттерге мобильді бригадалар мен үй жағдайындағы стационар қызметі қарастырылған.

«Оңтүстік астанада наурыз бен қазан айлары аралығында коронавирус індеті бойынша көрсетілген медициналық көмекке 5,7 млрд теңге бөлінді. Оның 1,3 млрд теңгесі ПТР-тестке жұмсалған», – деді филиал директоры Тілеухан Әбілдаев.

Сондай-ақ, наурыз бен қазан айлары аралығында эпидемияға қарсы іс-шараларға жұмылдырылған медицина ұйымдары қызметкерлеріне Алматы қаласы бойынша 13,8 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде:

1-тәуекел тобына –  6 млрд. 455,9 млн.теңге (11 373 адам), 1 қызметкерге орта есеппен айына – 567 650 теңге;

2-топқа – 5 млрд. 533,6 млн.теңге (17 972 дам), 1 қызметкерге орта есеппен айына – 307 903 теңге;

3-топқа – 1 млрд. 866,5 млн. теңге (12 433 адам), 1 қызметкерге орта есеппен айына – 150 122 теңге.

Бүгінгі таңда Алматы филиалы бойынша қосымша төлемдер толық төленген.

 

Комментарий