Құқық | Право

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ БҰЗЫЛАТЫН КЕЗІ КӨП

ЗАМАН АҒЫМЫНА СӘЙКЕС, БҮГІНГІ ТАҢДА ЖҮРЕГІН ЖАРЫП ШЫҚҚАН ТУЫНДЫСЫНА НЕМЕСЕ ҚОҒАМ ИГІЛІГІНЕ ЖАРАЙТЫН ЖАҢАЛЫҒЫНА ПАТЕНТ АЛЫП, АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ИЕЛЕНІП ЖҮРГЕН ЖАНДАР АЗ ЕМЕС. БҰҒАН ҚАЛАЙ ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ БОЛАДЫ? ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІГІН ҚОРҒАУҒА НИЕТ ЕТКЕН АДАМНЫҢ АЛҒАШҚЫ ІС-ӘРЕКЕТІ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ? ЖАЛПЫ, ҚАЗАҚСТАНДА АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ АЛУ ҮШІН ҚАЙДА БАРУ КЕРЕК? АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ТІРКЕУ ҮШІН ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР СҰРАЛАДЫ? ОСЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА САУАЛДАРҒА ЖАУАП АЛУ ҮШІН ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАН МАМАНДАРЫНА ҚҰЛАҚ ТҮРСЕК.

Мейіржан ТӨЛЕПОВ, ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры:
– Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшiн туындыны тiркеу, туындыны өзге де арнайы ресiмдеу немесе қандай да болсын шарттылықты сақтау талап етiлмейдi. Осыған байланысты авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу есептік сипатта болады және авторлықты тану үшін міндетті рәсім болып табылмайды. 1998 жылы 10 қарашада қабылданған ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңында көзделген аталған нормалар Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясының талаптарына сәйкес келеді. Бүгінгі таңда авторлық құқықпен қорғалатын нысандарға құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер мен олардың өзгерістерін енгізу мемлекеттік қызметі автоматтандырылды және 2018 жылғы 24 қыркүйектен бастап ҚР Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК электрондық түрде ғана көрсетіледі. Тізілімге мәліметтер енгізгісі келген жеке немесе заңды тұлға тиісті өтініш беру үшін egov.kz «электронды үкімет» веб-порталын немесе www. kazpatent.kz ресми веб-сайтын пайдалануы қажет. Мәліметтерді тізілімге енгізуге арналған өтініштің үлгісімен және қажетті құжаттар топтамасымен «ҰЗМИ» РМК www.kazpatent.kz ресми сайтында танысуға мүмкіндік бар. Қосымша сұрақтар бойынша Call-орталықтың 8(7172)621515, 8(7172)621601 телефондарына хабарласуға болады.
Осындай өзгерістерден кейін саладан көптеген тәжірибелі мамандар кетуге мәжбүр болды. Біздің жағдайымызға бейімделмеген малды жаппай импорттау бұрын елде болмаған көптеген экзотикалық жұқпалы ауруларды таратуына жол ашты. Мұны «Етті мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыру» жобасының мысалынан көруге болады. Аса қауіпті
аурулардың таралу фактілерін жасыру да жаппай етек алып, күрделі мәселеге айналды. Бүгінде ветеринария жүйесі елдегі ең жемқор салалардың біріне айналып отыр. Ал мұның себебі – жалақының мардымсыз деңгейі (мал дәрігерінің орташа айлық жалақысы 80-100 мың теңге шегінде), зиянды еңбек жағдайлары үшін үстемеақының болмауы, ветеринарлық ұйымдар мен кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасының артта қалуы. Яғни ветеринар-мамандардың әлеуметтік жағдайының төмендігі – оларды бақылауындағы субъектілерге тәуелді етуде. Ауыл шаруашылығы жануарларын идентификациялау және есепке алу жүйесінде бірыңғай ақпараттар дерекқорының қалыптаспауы, оған цифрлық
технологиялардың тиісті деңгейде енгізілмеуі – шаруашылық субъектілерінің жануарлары туралы жалған

Пәтентті рәсімдеу
Өтінішті рәсімдеу төмендегідей ретпен жүзеге асырылады:
1. Порталға кіріңіз және «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын басыңыз немесе www.kazpatent.kz ресми сайтына Авторлық құқық бөліміндегі онлайн өтінімді басыңыз.
2. Өтінімді толтыру. Авторлық құқық нысанының түрі, туындының атауы, жасалған күні, айы мен жылын өтінімде көрсетіңіз.
3. Туындының бір дана көшірмесін өтінімге тіркеңіз.
4. Діни мазмұндағы туындыларға қатысты дінтану сараптамасының оң қорытындысының электрондық көшірмесі қосымша ұсынылады.
5. Төлем кез келген банктің картасы арқылы электронды түрде жүргізіледі.
6. Өтінішке ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қойыңыз және сараптама ұйымына жіберіңіз.
7. Қызмет көрсету мерзімі. Сіздің өтінішіңізді алған күннен кейінгі 1 жұмыс күні.
8. Қызмет құны 6932,8 тг, жеңілдікті санаттар үшін 346,64 тг
Плагиаттық тексерілмейді
Бұл – «Ұсынылып отырған жобаның немесе туындының плагиат еместігі қандай жолмен анықталады?» деген сауалымызға Мейіржан Шерманұлының берген жауабы. Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында «плагиат» ұғымы көзделмеген. Авторлық құқықпен қорғалатын нысандарға құқықтардың мемлекеттік тізіліміне енгізу тәртібінде формальды сараптама жүргізіледі, онда тиісті құжаттардың болуы, сондай-ақ олардың рәсімделуінің дұрыстығы тексеріледі. Тіркеуге жолданған туындылардың мазмұны плагиаттық тексеру жүйесінде сарапталмайды. Демек, тіркеуге ұсынылған шығарманың мазмұны үшін жауапкершілік ҚР заңнамаларына сәйкес авторға жүктеледі. Құқықтарды қорғау ҚР Азаматтық кодексінің 9-бабына, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңның 49-бабына сәйкес сотпен жүзеге асырылады. Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік ҚР Қылмыстық кодексінің 198-бабында көзделген.

Қазақстан авторлар қоғамының 4770 мүшесі бар
Әдебиет және өнер туындылары авторларының мүліктік құқықтарын қорғау әрі олардың Қазақстан Республикасы аумағындағы және шет елдердегі авторлық құқықтарын іске асыру әрі қамтамасыз етумен елімізде «Қазақстан авторлары қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі айналысады. Сондай-ақ ҚазАҚ – әлемнің 221 елінің 229 қоғамын біріктіретін халықаралық СИЗАК ұйымының мүшесі. Бас директор Байғали ЕСЕНӘЛИЕВТІҢ айтуынша, Қазақстан авторлар қоғамында дәл бүгінгі дерек бойынша, 4770 автор мүшелікке тіркелген. – Қазақстан авторлары қоғамы әдебиет және өнер туындылары авторларының құқықтарын ҚР Азаматтық кодексіне сай ұжымдық негізде басқару үшін құрылған ұйым болып табылады. Оның негізгі міндеті – авторлар мен құқық иеленушілерге олардың мүліктік құқықтарын келісім негізінде жүзеге асыру және қорғауда көмек көрсету, оған шетелдік ұжымдық басқару ұйымдары берген өкілдік бойынша авторлық құқық нысандарын пайдалануға беруге көмектесу, ондай шығармаларды тіркеу және сақтауға алу. Авторлық құқық нысандарын пайдаланғаны үшін төленген сыйақыны құқық иеленушілерге бөледі. Женева конвенциясының тұжырымдамасы бойынша, бүкіл әлемде қайтыс болған өнер адамының құқығы сақталады, оның мұрагерлеріне 70 жылға дейін қаламақы төленіп тұруы тиіс. Әу баста 25 жыл делінген, кейін 50 жылға дейін созылған, артынан 70 жыл болып бекітілген. 70 жылдан соң, автордың өнердегі мұрасы ұлттың ортақ құндылығына айналады. 2014 жылы атақты «Қорлан» әнінің авторы Естай Беркімбайұлының, 2015 жылы Жамбыл Жабаевтың қайтыс болғанына 70 жыл толды. Осы уақытқа дейін олардың мұрагерлеріне бір тиын қаламақы төленбепті. Сұрау сала жүріп, олардың ұрпақтарын таптық. Естайдың шөбересі, 84 жастағы Зейнеп апайға ең соңғы 420 мың теңге қаламақысын Екібастұз қаласына апарып бердік. Жамбылдан тараған Әлімқұл Ғалым деген ақсақалға барып, 32 ұрпағының басын қосып, Салтанат деген шөбересіне мұрагерлікті рәсімдетіп, ең соңғы 620 мың теңге қаламақысын төледік. Нұрпейіс Байғанин, Асқар Тоқмағамбетовтің мұрагерлерін де рәсімдеп, қаламақысын бергіздік. Авторлық құқық ылғи бұзылып жатады. Олардың көбісі авторлардың өз шағымдарына байланысты сот арқылы шешіледі. Біз өз тарапымыздан ескерту хатын жібереміз. Егер авторлар «мына жерде менің шығармам орындалды, бірақ мен ол үшін ешқандай ақы алған жоқпын, маған төлемей отыр» деп шағымданса, біз сол автордың шығармасы үшін сотқа жүгіне аламыз. Жалпы, менің ойымша, Қазақстан заңнамасына «Автор шығармасын пайдаланған кез келген мекеме сол пайдаланылған шығарма үшін авторлық қоғамдар арқылы қаламақы төлеуге міндетті» деген тармақ енгізілуі қажет. Бұл жөнінде Әділет министрлігіне айтып жүргенімізге біраз болды. «Көш жүре түзеледі» дегендей, алдағы уақытта жүзеге асырылады деп сенемін. 

Соттасып не ұтпақпыз?
Авторлық құқықтың бұзылып жатқан жағдайлары өмірде аз кездеспейді. Осы орайда қоңыр сазды әндерімен көпшіліктің жүрегін жаулап алған танымал әнші, ақын, сазгер Роза ӘЛҚОЖАНЫҢ «Мен сыйға тартқан орамал» брендімен шығарылған орамалдар көшірмелерінің қара базарда қаптап кеткені ойға оралды. Қазақи бояуы қанық, ұлттық құндылықты жоғары қоятын әншіден авторлық құқығын қорғау бағытында қандай қадамдар жасағанын сұраған едік.

Дұрыс айтасыз. Көшірмесі көбейіп кеткені рас. Орамалға қатысты патент қорғадық. Бірақ ешкіммен алыспадық. «Неге шығарып жатырсыңдар?» деп қудаламадық та, заңға да жүгінбедік, ешкімді жазаламадық та. Өйткені олар өте көп болды. Біздің орамалдардың көшірмесін Қырғызстан шығарды, Қытай шығарды, өзіміздің жерлестеріміз де қалыспады. Олармен соттасып, не ұтпақпыз? Әдемі орамалдарымыз арқылы қазақтың ұлттық салт-дәстүрін, ою-өрнегін насихаттап жатқанына қуануымыз керек деп шештік.

Пираттық көшірмелерді анықтайтын сайт бар
Қытай елінде авторлық құқық бұзушылықтарды анықтайтын арнайы сайт бар екен. Оның мақсаты – плагиатты және пираттық көшірмелерді азайтып, авторлық құқықтың бұзылуының алдын алу. Тәулік бойы жұмыс жасайтын сайттың көмегімен интеллектуалды құқық иелері өздерінің туындылары жайлы кез келген ұрлық және құқық бұзушылықтар жайлы ақпарат алып отырады. Егер осындай жағдайлар орын алса, заңға сәйкес әрекет етуге және өздерінің құқықтарын қорғауға байланысты ақпарат алады. Бұл жоба әлемдік нарықта сапаны сақтап, бәсекеге қабілетті болу мақсатында ҚХР төрағасы Ши Жинпин елдегі интеллектуалды құқықты қорғау мәселесін реттестіру жайлы бұйрығының негізінде қолға алыныпты.
Айгүл АХМЕТОВА,
«Заң газеті»

Комментарий