Детектив

Әке, кешір мені

Қоңыр күздің қара суығы. Асылбек бүгін сабаққа ерте шығыпты. Сағат тіпті таңғы жетіде болмапты. Күздің өкпек желі даланың қара суығымен қатар ысқырады. Тұла бойы қалтырай түскен жас жігіт жылдам адымдай жөнелді. Түннен қалған қою қараңғылық әлі сейіле қоймаған. Кенет артынан жапырақтың сыбдырын үдеткен аяқтың да дыбысы естілгендей. Бозбаланың бойын күтпеген жерден бір қорқыныш билеп аяғы қалтырағандай болды.  Өз қорқынышына өзі еріскендей, ол артына шалт бұрылды.

  • Өз көлеңкесінен өзі қорқып келе жатқан бұл кім деймін ғой?!

Сыныптасы Олжас бұған күле жақындады.

–Жоға, неден қорқам?! Асылбекте «ұялған тек тұрмастың» кебін келтірді. Екі дос мектеп есігінен ентелей кірді. Күзетші сыртта жапырақ сыпырып жүр екен. Асланбек оған амандаспаққа тұра ұмтылғанда Олжас оны алға асықтыра жетелей жөнелді. Асылбек амандаспаққа ұмтылып барып ауада қалған қос қолын Олжастың иығына сүйей салды. «Ей сені не жын қуды енді?!» деген болды. Неге екенін, осы күзетшіні көрсе Олжас кірпідей жиырыла қалатын.

Алғашқы сабақ қоңырауы да соғылды. Дәлізде бөгелген достар ішке ұмтылды. География сабағының мұғалімі де сыныпқа кіріп үлгеріпті. Асылбек Анар Саматқызына қадалған қалпы орнында тұрды да қалды. «Тездетіңдер, балалар,  кіріңдер! Сабақты бастайық!» деген ұстаздың қатқыл даусы Асылбекке майдай жақты. Осыбір қоңыр дауыс иесіне бозбала қалай ғашық болып қалғанын өзі де түсінбейді.  «Ей тормоз, кірсей!». Асылбекті Олжас ішке итерді.

  • Асылбек, Қазақстанның қазба байлықтары туралы не білесің?
  • Анар Саматқызы, мен …
  • Білесің бе, білмейсің бе? Білмесең отыр! Осы сәтте, арт жақтан Бауыржан жағаласты:
  • Әй, төрт көз! Бізде екі көз болса сенде ол төртеу ғой?

Сынып ду күлді. Сасқалақтаған Асылбектің көзі қасында отырған Олжасқа түсті.

  • Қалай отырсың, и, пықынап? Шешсеңші мойныңдағыны-деді аты-жөнсіз. Олжас оның қолын қағып жіберді. Созылған шарф шетінен Асылбек қызарған ізді байқап қалды, бірақ сол сәтте ол туралы ештеңе сұрап үлгермеді. Шулай бастаған сыныпты пән мұғалімі жинап алды.

Асылбек сабақтан кейін де Олжастың қызыл дақтары туралы ойлады. «Бұл не сәні екен? «Синний китке» кіріп кетті? Қой, ол мүмкін емес?! Ол кішкене бала емес қой, қайдағы бір ойынға кіретін?!» Олжастың жүзі әлденені ойлап әбіржіген адамға ұқсамайды. Алдындағы Жараспен жарысып отыр. Бозбаланың бұл ойын енді бір сәт Анар Саматқызына деген бала махаббаты ұмыттырды. Сабақтың соңында ол апайының телефонын сұрамаққа тұра ұмтылды. Анар Саматқызы мектеп коридорын жағалай жоғарыға көтерілетін баспалдаққа жақындап барады. Асылбекте апайының келісті кербез ізін аңдып, артынан аяңдап келеді.

– Анар Саматқызы, ке-кешірерсіз

– Иә, Асылбек айта бер. Не болды?

– Ма-маған.. сіз..

– Иә, айта ғой?

– Маған сіздің сабақ жүргізгеніңіз ұнайды.

– Сіздерге ұнаса қуаныштымын!  Жақсы, сау болыңыз!

 

Асылбек күні бойы мектепте жүрді. Бірақ түскі сабақтан кейін Олжасты кездестірмеді. Қараңғылықта түнерген күндей қоюлана қалыпты. Қосымша дайындықтарымен жүргенде тіпті мектепте тірі жан қалмапты ау. Асылбектің бойын біртүрлі қорқыныш билеп сыртқа ұмтылды. Қоюлана бастаған қараңғылықтан түртінектеген күзетшіні байқады. «Аға, Олжасты көрмедіңіз бе?». «Ә, ол ма, үйіне кеткен шығар». Күзетші күңк етті де жөнімен кетті.

Асылбек үйдің  домофонын үздіксіз басты. Ешкім ашар емес. «Әкем, тағы ішіп кетті ау». Есікті Светлана әжей ашты. Сыртқа аяңдап барады екен. «Әкең тағы тойып апты. Байқұс шешеңнің дертіне дерт жамап бітті-ау. Көршілердің де әбден мазасын алды». Асылбек асыға ішке ұмтылды. Асүйден сүйретіле қозғалған анасының даусы естілді. «Балам, жұмыртқа қуыруға ғана шамам келді, суымай тұрғанда тез жеп ал!». Төргі бөлмеден әкесінің даусы қабаттаса шықты. «Әй, сүмелек, келдің бе, ақша бар ма?» «Әке, тамақ ішейік, келіңіз, ақша жоқ менде». Асылбек жайдары сөйлеп жаймен ішке енді. «Сендерден не қайыр деші. Жүз грамм әкел маған. Көршіден сұра ақшаны!».

Тамаққа тәбеті тартпаса да анасының көңілін қимай, жуынып келіп, әр нәрседен шұқыған болды. Төргі үйге өтіп бара жатып, жерде аунап, қарлыға айғайлап жатқан әкесінің жанынан қан қан болған пышақты байқады. Асланбектің жүрегі су ете қалды, құдды бір денесін мұз қарып өткендей.

– Әке, бұл не? Сізге бірдеңе болды ма пышақ неге қан?

– Иттің ғана баласы, не деп тұрсың маған? Шаруаң қанша?

Асылбек тағы үндемеді. Әйтсе де, үйде отыра алмайтынын түсініп сыртқа жиналды. «Балам, жылы киін, суық тиіп қалмасын». «Уайымдамаңыз мама»-деді де ол сыртқа беттеді. Подьезден жоғарғы қабаттағы  көршісі Дастанның ұшыраса кеткені қандай жақсы болды. Амандық саулықтан соң Дастан өзін жұмысқа қайта шақыртып жатқанын айтты. «Із кесушінің жұмысы қиын шығар,ә». Асланбек солай дегенмен сөзінің артын көмесілендіре жұтты. «Не болды, інішек. Бәрі жақсы ма? Әкеңнің даусы естіліп жатыр еді жаңа. Тыныштық болсын». Дастан жасөспірімнің арқасынан қағып кетуге оқталды.

– Әкемнің қасынан қан болған пышақты көрдім. Енді соған әрнәрсені ойлап алаңдап тұрғаным.

– Әкең шал болғанын мойындайын деп бәкі сап алған шығар қалтасына? Дастан тағы да бала көңілді тыныштандырмаққа ұмтылды.

– Жо-жоққ, ол жәй ғана бәкі емес, қан жағылған пышақ. Әкем біреуді жарақаттап келді ме деп алаңдап тұрмын. Алдымнан жолыға кеткеніңіз қандай жақсы болды?!

– Қазір ішке кірмей ақ қояйын, Аслан. Күдікті бірдеме байқасаң өзің хабарларсың. Алаңдама, оның не екенін бірге анықтаймыз. Жамандыққа ұрына қоймас, қанша қызуқанды, шамшыл адам болса да.

Асылбек үнсіз басын изеді. Туған әкесін бұл да жамандыққа қалай қисын?! Дастан сыртқа шығуға беттегенде, Асланбектің телефоны шырылдай жөнелді.  Олжастың анасы екен. «Асланбек, Олжас қайда? Сенің қасыңда емес пе? Сабақтарың біткелі жарты күн болды ғой. Олжас үшін өзі уайымдап тұрса да оның анасына көрмедім деп айтуға батпады.

  • Иә, Жанат тәте. Айтам, Олжас өзі хабарласады сізге қазір. Сау болыңыз!

Тұтқаны қойды да сыртқа шығып кетті. Бірақ оны қайдан іздерін білмеді. Телефоны сөніп жатыр. Бірге баратын футбол алаңына соқты. Таппады. Мектепті айналып шықты. Жарасқа хабарласты. Ол да таңертеңнен бері көрмепті. Не де болса түннің біруағына қарамастан екеуі жиі баратын көлдің жағасына бармаққа бекіп, солай аяңдаған. Қаланың шетін ала орналасқан шағын көлге көп адам бара бермейтін. Қараусыз қалған көлдің сыртқы сұрынан шошитын көп адам. Ретсіз өскен шөппен, бұта, ағаштар елдің қорқынышын еселейтін. Бірақ жасөспірімдер көлге барар жолдың осындай қиындығының бергі бетінде ғана екенін әлдеқашан зерттеп тастаған. Олар бұл қиын жолдың жарты шақырымын өткен соң теп тегіс өткелге, әдемі көгалға кезігетінін білетін. Сабақтан соң талай мәрте осында кеп, көл тыныштығы мен ондағы жабайы үйректерді тамашалаған. Сұрқысыз сүрлеуге түскенде оның бойын бір қорқыныш биледі. Бірақ Олжасты табу керек деген оймен алдыға қарай аяңдай берген. Кенет жол жиегінен сәл төменде біреудің сұлбасы қараң ете қалды. «Олжас қой». «Ей, Олжас, елді осылай дүрліктіруге бола ма? Жеті түнде не іздеп жүрсің бұл жақта. Ертерек айтсаң бірге ақ барар едік қой». Асланбектің қуанышты даусы жаңғыра шықты.  Ағараңдаған сұлбаға қуана жеткенде алдында түсініксіз күйде тұрған  әкесі көрінді.

  • Әке? Сіз мұнда не істеп жүрсіз?

Әкесінің қолында тағы да пышақ.

– Сен не істеп жүрсің бұл жерде ?!! Көршінің тауығын сойдым, не істеуші едім мен басқа?! Ана іштар Құдіреттен сұрасаң бере ме, бермейді. Оған осылай тату керек! Бүгінгі тауығы тіпті семіз екен, ха-ха-ха. Енді оны Марат жақсылап қуырсын де, менімен барасың ба, жүр, қуырдақ жеп қайт, қашанғы сасық жұмыртқа жеп отырасың!! Ха-ха-ха!

Асылбек әкесінен жиіркенгендей шегіне қашты. Мүмкін емес, Олжасты өлтіріп тастамады ма екен осы, түрі адам шошырлық бопты. Әкем есінен адаса бастапты. Асылбектің тамағына ащы өксік тығылды. Енді бір сәт телефоны шырылдап жатқандай көрінді. Өксікке тығылған даусымен: «Алло» деуге әзер шамасы келді.

  • Алло, мен Дастанмын ғой, Асылбек қалың қалай? Не боп жатырсыңдар?
  • Дастан, қалайсыз! Білмеймін, басым айналып кетті. Әкем тауық ұрладым деп қан қан боп айдалада жүр.
  • Алло, Асылбек, қайдасың, қазір өзім барамын. Мені күт!

Дастан жолда келе жатыр. Барлық мойнындағы істерді тастап, дереу осы істі қолға алды. Уақыт аз. Асланбек оған бар жайды түсіндірген болды.

Осы сәтте Асылбектің телефонына Олжастың анасы хабарласты.

– Балам, Олжасты таптың ба? Бір жөніңді айтып отырсаңшы!

–Тәте, Олжасты іздеп жүрмін, мектептен соң көрмеп ем, бағана сізді уайымдатпайын деп айтпадым. Кешіріңіз.

Әңгімені естіп тұрған Дастан, бірден іске кірісті. «Неге маған бірден айтпадың? Олжас қайда болуы мүмкін? Әкеңнің қатысы болуы мүмкін бе?» Сол аралықта екеуі сәл жырақта жүрген әкесін таппай қалды. Қаланың шеткі көшесіне кіре бере екеуі алыстан шыңғырған әйел даусын естіп, солай қарай тұра жүгірді. Қала шетіндегі саяжай үйіне артық заттарын әкеп тастамақ болып келген әйел кіре берісте кісі өлімінің үстінен түсті. Оның есінен тана шыңғырған даусын естіген екі жігіт осылай тұра ұмтылған. Жертөле типтес кіре берістен-ақ Асланбектің аяқ қолы дірілдеп, Дастанның білегінен тас қып ұстады. Қалшылдап тұрған оған Дастан басу айтып, сыртта қалуын өтінді. Бірақ сыртта да байыз таппасын білді де,  ол да ішке ұмтылды. Олжасы шалқасынан құлапты. Тамағынан орылып жатыр. Асланбек айғайлап отыра кетті. Оқиға орнына жеткен жеделтопқа Дастан бірден Айдар ағаны тұтқындауға нұсқау берді. Асланбектің әкесі алайда бұл жағдайдың бәрінен бейхабар болып шықты.

Ей, Дастан, мен ары кетсе бес тауықты ұрлаған шығармын. Адам өлтірді дейсің бе, төлеп берем ертең ақ.

– Адам өмірі сізге тауық бауыздағанмен бірдей боп тұр ғой. Ол да сіздің бір балаңыз емес пе еді?!

– О, Тәңірім, не оттап тұрсың, ашығын айт, Құдіретте кегім кеткен көптен. Оның бес тауығының өтеуі осылай боларын кім білген әк…..?!!

– Айдар аға, бұл қалжыңдайтын іс емес. Балаңыздың жан досы Олжас кісі қолынан опат болып отыр. Сіз әлі де қалжыңдағыңыз келеді. Әлде арақ әбден өтіп кетіп, есіңізден адастыңыз ба?!

Айдардың көзі шарасынан шығардай боп орнынан атып тұрды.

– Не деп отырсың? Олжас, Олжастай да менің балам емес пе? Оған не болды? Сен не айтып, қай бетіңмен маған жала жауып отырсың?

– Айдар мырза! Сіздің қолыңыздағы пышақта табылды. Қазір экпертизада. Оны не үшін қанға малып жүрсіз? Тауық ұрлайтын заман ба қазір?!

– Менің балам қайда? Асылбектен сұраңдар, мен ол баланы да баламдай көрем. Қай жауыздың қолы барды екен а, оған?

Әкесінің уақытша изоляторда қалатынын есту Асланбекке ауыр тисе де, оның миындағы сан күдік айналдырып әкеп әкесіне тірей берді.

Дастан оңаша да өзіне өзі келе  алмай отырған Асылбектен Олжас туралы сұрады. Соңғы кездегі Олжасқа қатысты оқиғалардың бәрін айт деді. Асланбектің ойынан қалай шығып кеткен, әкесінің әуресімен жүріп ол Олжастың мойнындағы қызыл дақты да ұмытыпты ау. Дастан бәрін түртіп отыр. Ол араласатын. Ол ұнатпайтын адамдар жайлы сұрағанда да ол бірден Олжас ұнатпайтын жалғыз адам мектеп күзетшісі екенін айтты.

 

Дастан мен оның көмекшісі Руслан күзетшімен жолығуға келгенде оны орнынан бірден таппады. Дастанның бүкіл күдігі Асланбектің әкесінде болды. Мектеп күзетшісі өте бейбіт, тыныш адамдай көрінеді.

– Олжас Рахымовты танитын ба едіңіз?

–Біздің мектептің серілері, перілері ғой. Әрине, танимын.

–Қалжыңдайтын уақыт жоқ Санжар мырза. Ол баланың мектептен шығып кеткенін Асланбекке хабарлаған соңғы адам екенсіз. Одан кейін Олжасты ешкім көрмепті. Ол мектептен нешелер шамасында шықты және қай бағытқа бет алды?

–Мен немене елдің баласын аңдып отыр дейсің бе? Өлсе сыртта өлді де,  мектепте менің қасымда бауыздалып жатыр ма екен?

  • Тоқтай тұрыңыз, Санжар мырза. Олжасты неге өлді дейсіз? Біз жоғалып кеткен баланы іздеп келдік. Оның бауыздалғанын сізге кім айтты?
  • ….Өздерің де! Сасқалақтаған күзетші жүзін тайдыра берді. Дастан бір ілік тапқанына сенімді болды. Сіз бізбен бірге жүресіз.
  • Ей, сандырақтамаңдар, мен жұмыстағы адаммын. Мен кетсем мынадай сымбатты балаларды кім күзетеді? Асланбек ашулы жүзімен күзетшінің мысқылды жүзіне жалт қарады.

Сырт айнала бере Русланға Асланбек күдігін айтты. Олжасты қорлағанда осы сияқты меніңше! Көмекші жасөспірімнің сөзін естімеген кейіп танытты. Дәл осы сәтте Дастанға бөлімшеден хабар келді. Асланбектің әкесі өзіне өзі қол жұмсапты. Қосарланған қаралы хабар Асланбектің қабырғасын қайыстырды. Әкесіне күдік келтіргеніне ұялды, анасының денсаулығына уайымдады. Бар ауыртпалық басына төнсе де, жасөспірім сынбауға бекіді. Құқық қорғаушылар жасөспірімге барлық жағынан қолдау білдірді. Анасы екеуінің қасында болып моральдық материалдық көмектерін аяған жоқ. Жіті тергеу мен күзетшінің бөлмесін тінту, тексеру өз нәтижесін берді. Мектеп қарауылының жасөспірімді алдап шақырып дәрі беріп есінен тандырып, оған зорлық жасағанын, артынан бауыздап өлтіріп көлігіне салып апарып саяжайлардың біріне лақтырып кеткенін із кесушілер ұзатпай ақ анықтады. Педофилдің құрбанына айналған жазықсыз жасөспірімді мектеп, қала асқан өкінішпен үлкен қимастықпен ақтық сапарға шығарып салды.

 

Сайынова Нұрдана, Халықаралық бизнес университетінің 2 курс студенті

Нашар | ПлохоОнша емес | Так себеБолады | НормальноЖақсы | ХорошоКеремет | Отлично (9орташа баға | оценок, среднее: 2,89ішінде | из 5)

Загрузка...

Комментарий