Қоғам | Общество

ХҚТУ бос орындарға конкурс жариялайды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы ережесіне» сәйкес 2020-2021 оқу жылына профессор- оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің бос орындарына конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткер Университеттің ресми сайтында орналастырылған талаптарға сәйкес құжаттарды сканерден өткізілген нұсқада электрондық поштаға (MKTU@ayu.edu.kz) тапсыруы қажет.

Конкурс және бос лауазымдар туралы ақпарат университеттің ресми сайтында http://ayu.edu.kz.

Бос лауазымдар конкурсы 20 күнге жарияланады, қатысуға өтініш хабарландыру жарияланған күннен бастап кадр бөлімінде қабылданады.

Өтініш беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты: 2020 жыл 20 желтоқсан, сағат 18-00 дейін. Төменде аталған құжаттар тізбесі Университеттің ресми www.ayu.edu.kz сайтында орналастырылады:

1. Бос орындардың тізімі;

2. Профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасу ережесі;

3. Конкурсқа қажетті құжаттар тізімі.

Мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29, ректорат ғимараты, №105 бөлме, байланыс тел.: 8 72533 6-16-36.

Персоналды басқару басқармасы.

Комментарий