Жаңалықтар | Новости

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелер

Департамент мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Жүргізілген талдау көрсеткендей, қазіргі уақытта сәулет қызметінің саласы өзекті болып табылады. Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 27 қарашада он – лайн режимде өткен Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері қалалық жоспарлау және урбанистика саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы бойынша талдау нәтижелерін тыңдады.

Сәулет жоспарлау тапсырмасын алу мәселелері бойынша жекелеген проблемалар, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесіндегі проблемалар анықталды.

Осыған байланысты Ведомствоаралық жұмыс тобы (ВЖТ) мүшелері келіп түскен өтініштерге, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестеріне талдау жүргізу, сондай-ақ техникалық ақауларды жою бойынша ұсыныcтар енгізді.

Сондай-ақ, ВЖТ алаңында www.gosreestr.kz порталдағы мәліметтердің толықтығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды, осыған байланысты Мемлекеттік мүлік тізіліміндегі мәліметтерді өзектендіру бойынша шаралар қабылдау ұсынылды.

Департамент тұрақты түрде талдау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша неке-отбасы заңнамасында нормативтік құқықтық актілерді қолдану бойынша жекелеген мәселелер анықталды.

Бұл мәселенің нәтижелері ВЖТ отырысында қаралды, оның қорытындысы бойынша аталған салада мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын әзірлеушілерге ұсыныстар енгізу ұсынылды.

Мамандандырылған ХҚКО-ның өзекті мәселелерін қарау кезінде автокөлік құралдарына нөмірлік белгілердің телнұсқасын беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру бойынша ұсынымдар енгізілді.

 

 

Комментарий