Жаңалықтар | Новости

Қарақат Башанова “Балалар Евровидениесі-2020” байқауында екінші орын алды

Биыл еліміздің атынан 12 жастағы Қарақат Башанова өнер көрсетті. Ол қайтыс болған әкесіне арнап, финалда Forever әнін шырқады. Қарақат әкесінен жеті жасында айырылған.

Биыл “Балалар Евровидениесі-2020” байқауын Польша ұйымдастырды. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты қатысушылар өз елінде ән айтты. Қарақат Башанова конкурста екінші болып өнер көрсетті.

Дауыс беру нәтижесі бойынша бірінші орынды Франция өкілі – Валентина алды. Ол 200 ұпай жинады. Содан кейін 152 ұпаймен Қарақат Башанова екінші орынды иеленді. Ал үшінші орынды Испания өкілі Солеа алды.

Биыл конкурсқа Қазақстан, Франция, Беларусь, Сербия, Испания, Германия, Грузия, Мальта, Нидерланды, Украина және Польша өкілдері қатысты.

Еске салайық, былтыр “Балалар Евровидениесі-2019” конкурсына отандасымыз Ержан Максим қатысып, екінші орын алған еді. Ол кәсіби әділ қазы мен көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша 227 ұпай жинаған. Бірінші орынды польшалық Виктория Габор 278 ұпаймен алған еді. Ал үшінші орынды Испания өкілі Мелани Гарсия (212) иеленген болатын.

Комментарий