Жаңалықтар | Новости

Коронавирустан айыққан соң өкпені қалай қалпына келтіруге болады?

Ресейлік дәрігер Андрей Кабычкин коронавирустан айыққан науқастардың өкпесін қалпына келтіру үшін арнайы массаж жасау керегін айтады, – деп хабарлайды РИА Новости

“Бронх эпителиийінің жұмысын қалпына келтіруде массаждың көмегі зор. Осы инфекциямен ауырып шыққан науқастарды емдеу мақсатында бүгінде массаждың арнайы түрлері бар. Ол массаждар жақсы нәтиже береді”, – деді дәрігер Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, массаждың көмегімен қандағы оттегінің мөлшері артады да қан қарқынды айнала бастайды.

Сондай-ақ, дәрігер массажды өкпенің зақымдалу деңгейіне байланысты таңдау керегін ескертті.

Комментарий