12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

САЯСИ ДОДА АЛДЫНДА

2021 ЖЫЛЫ 10 ҚАҢТАРДА ӨТЕТІН МӘЖІЛІС САЙЛАУЫ СОҢҒЫ 16 ЖЫЛДА БІРІНШІ РЕТ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ЕМЕС, АҒЫМДАҒЫ ШАҚЫРЫЛЫМ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІГІ АЯҚТАЛҒАНҒА ДЕЙІН 2 АЙ БҰРЫН, КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МЕРЗІМІНДЕ ӨТКЕЛІ ОТЫР.

Ең бірінші, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңға және «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңға түзетулер енгізу арқылы парламенттік оппозиция институтын құру мәселесін қарастыратын және оның қызметін регламенттейтін өзгерістер мен толықтырулар жасалды. Енді Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің бір төрағасы мен екі хатшысы парламенттік оппозиция депутаттары арасынан сайланады. Сонымен қатар, парламенттік оппозиция бір сессия кезінде кемінде бір рет парламенттік тыңдау өткізу жөнінде бастама көтеру құқығын иеленеді. Сондай-ақ бір сессия кезінде кемінде екі рет үкімет сағатының күн тәртібін айқындайтын болады.
Екінші, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңда және «Саяси партиялар туралы» заңда қарастырылған ережелер бойынша, алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Бұл туралы Мемлекет басшысы ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуінде: «Бұл норма Парламентке және жергілікті өкілдік органдарға әйелдер мен жастарды тартудың тиімді жолы ретінде олардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына септігін тигізеді», – деді. Үшінші, алдағы мәслихаттар сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойынша өтеді. Бұл туралы Президент: «Пропорционалды модель әлемдік демократиялық тәжірибеге толық сай келеді, саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға ықпал етеді, саяси партиялардың жұмысын жандандырады. Бұл жаңа бастамалар партияларға еліміздің саяси жүйесіндегі ұстанымын нығайту үшін қосымша мүмкіндік береді», – деген еді.
Аталған ерекшеліктерден кейін, алдымызда өтетін сайлаудан өзгеріс күтетініміз рас. Бірақ сайлауға қатысушы партияларға қарап, «өзгеріс болады» деп нақты айту негізсіз секілді. Өйткені партия жеңіске жетуі үшін олардың бағдарламалары мен осы күнге дейін жүзеге асырған іс-әрекеттері айқын болуы керек. Дегенмен бізде партиялар бір электораттық кезеңде ғана оянып, белсене түсетіні жасырын емес. Егер саяси ұйымдар жыл бойы белсенділік танытып, елдің мұңмұқтажын айтып, халықпен бірге болса, қоғам оны қолдар еді. Тек сайлау кезінде оянып, халықтан дауыс сұрау – кереғар пікір қалыптастыратыны анық.
Салдарынан халық тарапынан сайлауға деген сенімсіздік пайда болады. Ал орталық сайлау комиссиясы бекіткен келер жылдың қаңтарында өтетін Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысатын партиялардың тізіміне қарап, «Баяғы жартас – сол жартас» екенін түйдік. Сондықтан бұл науқанда да аса бір өзгеріс болады деп ойламаймын. Комиссия мәліметінше, алдағы Парламент сайлауына 6 партия қатысады. Олар: «Ақ жол» «Қазақстанның демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Адал» саяси партиясы, «Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясы мен «Қазақстанның халық партиясы» және «Nur Otan» партиясы. Десек те, партиялар саяси додаға белсене араласып кетті. Бүгінде сайлауға қатысушы екі партия ребрендинг жасап та үлгерді. Бірі «Қазақстан коммунистік халық» партиясынан, «Қазақстанның халық партиясы» боп өзгерді. Ал «Бірлік» саяси партиясының атауы «Адал» болып өзгертілді. Қай сайлаудың болмасын алдындағы саяси үрдістер, саяси партиялар мен саясаткерлердің ұстанымдары мен саяси тұжырымдарын жоққа шығаруға болмайды. Әр партия сайлау алдында көптің көңілінен шығу үшін әлеуметтік зерттеулер жүргізіп, саяси сұраныстармен санасуға тырысатыны сөзсіз.
Ақбота ЕРБОЛҚЫЗЫ,
«Заң газеті» 

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Объявлен конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств»

Министерство культуры и информации Республики Казахстан объявляет конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств» Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

ДОБРОВОЛЬЦЫ-РОМАНТИКИ

Одним из лучших способов проявить себя в благородном деле,...

ЗОЛОТОЙ МОСТ МЕЖДУ НАРОДАМИ

Председатель Мажилиса Ерлан Кошанов посетил Казань в рамках официального...

КОНТРОЛЬ В СФЕРЕ ОХРАННОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ

В Казахстане планируют ужесточить государственный контроль над частными охранными...