Жаңалықтар | Новости

Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетті

Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына және Қазақстан Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 763 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2020 жылғы 23 қарашада Қырғыз Республикасына ауыр жүк көлігімен “Көкшетау-4П” өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 400 данасын және Қазақстан кәсіпорындарда өндірілген 2 миллион медициналық маска жіберді.

“Жіберілген гуманитарлық жүктің жалпы құны 390 миллион теңгеге жуық, атап айтқанда “Тыныс” АҚ шығарған “Көкшетау-4П” ӨЖЖ аппараттарының құны 328 миллион теңге, “Dolce pharm” ЖШС және “Mega pharm” ЖШС шығарған медициналық маскалар құны – 61 миллион теңге”, – делінген министрлік хабарламасында.

Комментарий