Жаңалықтар | Новости

Қасым-Жомарт Тоқаев жәрдемақы мен зейнетақы туралы мәлімдеме жасады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 3 триллион теңгеден аса қаражат бөлінетінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Біздің бағдарламада төрт негізгі артықшылық бар. Әр азаматқа өз әлеуетін іске асыру үшін тең мүмкіндіктер беру керек. Мемлекет шын мәнінде мұқтаж адамдарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуі қажет. Ең бастысы – әлеуметтік әділеттілік. Сондықтан біз мұқтаж жандарды қолдауға көп көңіл бөлеміз”, – деді Тоқаев Nur Otan съезінде.

Президент әлеуметтік саясатты жүргізу кезінде қиын жағдайға тап болған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шаралар күшейтілетінін айтты.

“Алдағы бес жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеуге 3 триллионнан аса теңге бөлінетін болады. Ынтымақты зейнетақы мөлшері де жыл сайын индекстеледі. Сонымен қатар, біз мұны инфляция деңгейіне екі пайыз қосу арқылы жүзеге асыруды ұсынамыз”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Комментарий