Жаңалықтар | Новости

Ресейдің бай азаматтарына салық енгізіледі

Владимир Путин Ресейдің бай азаматтары үшін салықты көбейту туралы заңға қол қойды. Құжат құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заңға сәйкес, 2021 жылдан бастап жылдық табысы бес миллион рубльден (28 миллион теңге) асатын жеке тұлғалардың кірістеріне салық мөлшерлемесі көбейеді. Алайда заңда бірнеше ерекшелік бар. Мысалы жеке мүлік сатылған жағдайда қазіргі 13 пайыздық мөлшерлеме қала береді. Сондай-ақ жаңа заң сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдеріне қатысты емес.

Ресейдің Қаржы министрлігінің мәліметінше, 15 пайыздық салық мөлшерлемесінің жоғарылауына ресейліктердің бес миллион рубльден асатын кірісіне ғана салық салынады. Жергілікті билік басқа да өзгеріс енгізуді әзірше жоспарлап отырған жоқ.

Жоғары экономика мектебінің сарапшыларының пікірінше, бай азаматтарға салынатын салық бұдан кейін де көбеюі мүмкін. Әңгіме жылдық табысы 12 миллион рубль (67 миллион теңге) және 24 миллион рубль (134 миллион теңге) ресейліктерге салынатын салықтың 20-24 пайыз және өсуінде. Одан бөлек, сарапшылар табыс салығының мөлшерлемесін 30 пайызға дейін көтеруді ұсынды.

Комментарий