Жаңалықтар | Новости

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 59 миллионнан асты

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 59 миллионнан асты. Бұл туралы Джонс Хопкинс университетінің сайтында айтылады, – деп хабарлайды РИА Новости

Университет мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 59 070 488-ге жетіп, 1 394 694 науқас қайтыс болған.

Ал Қазақстанда, соңғы мәліметтер бойынша, COVID-19 жұқтырғандар саны 126 860-қа жетті. Кейінгі тәулікте 678 науқас тіркелген.

Комментарий