Детектив

Жазасын өтеушінің жан сыры (шынайы оқиға желісімен)

Аян бүгін ұйқысынан ерте оянды. Тағы да ұрыс-керіс, айқай-шу, күнде осы тіршілік қайталана береді, жалықты. Анасының айқайы, маскүнем әкесінің балағат сөздері інісі екеуін әбден мезі етті. Соңғы кездері көңіл күйі қатты бұзылып жүр, жаны тыныштықты қалайды. Бала жүрегі  бақытты отбасы болып, ата-аналары жайдарлы, ел қатарлы өмір сүрсе деп армандайды ол оның тек әзірше қиялы ғана. Аян қазір ержетіп келеді, жасы 15–те, мектепте сабағын жақсы оқыды, кейінгі жылдары сабағы нашарлай бастады, өйткені отбасындағы тынымсыз тірлік әсері. Маскүнем әкенің жанжалынан кейде үйінен қашып, көп уақытын  өткізеді. Аян санасының шаршағанына қарамастан тағдырына көніп, жаман жолға түспеуге, адал өмір сүруге өзіне уәде берді. Ол өскен сайын, ақылы толып айналасына байыппен қарайтын. Отбасында  өтіп жатқан сұрқысыз өмір мен әкесінен жеген таяғына да еті үйренгендей. Маскүнем әкесінен өлердей қорқады, қатыгез әке  бала кезінен бастап бауыры екеуін қатал тәрбиемен өсірді. Қит етсе болды,  бірдеңе бүлдіріп қойса да  әкесіне қарсы шықса да, сабақтан кеш қайтса да жазалауға ұшырайды. Әкесінің жазалауы, оларды кішкентай кезінен шырылдатып белбеумен ұрады. Кейде денесі тіпті көгеріп, белбеудің ізі ұзақ кетпей жүреді. Аян бала кезінде дәрменсіз еді, енді өскен сайын, әкесіне деген ашу-ыза мен кек ішіне жинала-жинала жек көру сезімін өршіте түсті.  Анасы екеуі ұрсысып жанжалдасқанда, анасы таяқ жегенде, талай араша түсіп  өзі де нешеме  соққыға жығылды. Бұрын бұлардың үйінде де тыныштық болған, отбасы жақсы өмір сүрді. Әлеуметтік жағдайлары жақсы, әкесінің  тапқан табысы отбасын асырауға жеткілікті. Отбасында ешқандай таршылық көрмеді. Аянның анасы небәрі 20-жасында өзінен 27-жас үлкен ер азаматқа тұрмысқа шықты. Аянның әкесі бұрын отбасын құрып, бірінші әйелімен ажырасып кеткен, Аянның анасы екінші әйелі, бірінші әйелінен бір ұл бір қызы бар, қазір олармен араласпайды. Аянның анасынан екі ұл бала сүйді. Заңды некелері жоқ, анасы азаматтық некеде болды. Басында бәрі жақсы болды, анасы ешқандай таршылық көрмеді, жегені алдында, жемегені артында, киімнен де таршылық жоқ, ауылдарында бай, ауқатты отбасының бірі еді, кең боз сарайдай үйінде жолдасының алыс-жақыннан қонақтары үзілмейтін, күнде думан, күнде той өміріне де үйренген.  Осының бәріне шыдап, отағасының қабағына қарап өмір сүрді. Ендігі ойлаған арманы-болашақ балаларының өмірі, солар жақсы білім алып, жақсы өмір сүрсе деген ананың басты арманы. Өзінің көрген тағдыр тауқыметін балалары көрмесе, қиыншылық көрмесе тек жақсы өмір сүрсе деп армандайды.

Аянның  анасы әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан болды. Жастайынан ата-анасынан айырылып, туысқандарының қолында жүріп өсті. Жоғары білім де ала алмады. Туысқандарының бала-шағасын бағып, солардың отымен кіріп күлімен шығып жүргенде оны зорлықпен тұрмысқа берді. Өзі де  жоқшылықтан жалығып, елдер сияқты бір жаңа көйлек те кие алмады, туысқандарының босағасында жүріп басына талай қиыншылықтар түсті, содан құтылығысы келді ме өзінен 27-жас үлкен адамға тұрмысқа шығуға бел байлады. Өмірінің алдында не күтіп тұрғанын өзі де білмеді.

 

Тағдыр тәлкегіне ұшыраса да өзін бақытты, баянды өмір күтіп тұрғандай армандап, қиялдайтын. Басында бәрі жақсы болды жолдасы оны сыйлап, ешқандай бір ауыр сөз де айтпады. Жолдасы оған ақыл айтып бала тәрбиесіне де араласып, жұмыстан кеш қайтса да бір уақыт балаларына көңіл бөлетін. Балаларын қосымша сабақтарға, үйірмелерге қатысуға ақшасын аяған жоқ, мектепте Аян сабағын 4-сыныпқа дейін өте жақсымен оқыды. Аянның спортқа деген қызығушылығы өте жоғары болды,  семсерлесу курсына қатысты. Ол бала кезінен семсерлесу спортына қызғушылығы өте жоғары болатын, семсерлесуге қатысып, алғашқы жылдары физикалық тұрғыдан қатысып, біраз жетістіктерге жетті. Бір жылдан соң, әкесі қарсы болғандықтан бұл спортпен қош айтысты. Уақыт өтіп жатты. Аянның әкесі соңғы жылдары жұмсында қиыншылықтар болып,  жұмысынан қысқарып қалды. Отбасылық жағдайлары нашарлай бастады. Әкесі қол қусырып отыра бермей қара жұмыс болса да істейін деп базарға шықты, ақша үнемі бола бермейтін, кейде болады, кейде түк жоқ өзі келеді. Базарда не оңған жұмыс болсын, қолында ақшасы болмағандықтан әкесі жалдамалы жұмыстар жасады, кейде нанға да ақша таппай қалады, себебі базардан жаңа достар тапты, тапқан аз –маз нәпақасына ащы су алып, достарымен бөлісіп ішіп, үйіне мас болып қайтатын, келе сала жоқшылық есіне түсіп әйелі ұрысса жанжал шығарып,  қол көтеруді бастады, балаларына да тыным жоқ, оларды да соққыға жығады. Аян әбден жалықты, үйде төбелес, жанжал болса сыртқа шығып көшеде жүреді. Маскүнем әкесіне деген алғаш жек көрушілігі ішінде пайда болды. Аянның әкесі маскүнемдікке салынып, адамдық бейнесін жоғалта бастады, күнде ұрыс-керістен анасы да мезі болды, бауыры болса шырылдап жылай бергеннен басқа қолдан келері жоқ. Көршілері де  осы отбасында болып жатқан жағдайлардан хабардар еді.

Ауылдың учаскелік полициясын да талай шақырып есепке алды, бір екі күн қамап  қоя беретін. Аянның анасы көп ойланып, барлық күш жігерін жинап бұл үйден қашып кетпекші болды, баратын жері болмағандықтан, өзі неде болса өмір сүру үшін жұмыс жасап, балаларын бөлек алып тұрмақшы болды. Анасы ойлана-ойлана үйінен  кетуге бел байлады. Жолдасының бұрын тұрмысқа шыққанда «егер үйден кетсең, сені өлтірем» деген сөзі әлі миында тұр, ол кезде  жас еді. Енді 2-баланың анасы, есті әйел, жас кезінен де жетім өсіп, өмірден таяқ жеген әйел, отбасын құрып бақытты өмір сүргісі келген болатын, ол өмір бұған бұйырмапты. Көз жасын көл қылып бір жылап алды да, Аян мен бауырына  үйден кететінін, кейін келіп  алып кететінін айтып қош айтысты. Аян анасына сеніп, бауырын құшақтап үйінде қалды. Сенбеске амалы жоқ, бұл өмірде жалғыз құтқарушысы жалғыз анасы сияқты көрінді.

Күн батып ымырт  бола бастады, әкесінің жұмыстан келетін уақыты болды, Аянның кеудесінде қатты қорқыныш пайда бола бастады,себебі анасы жоқ, әкесі шу шығаратынын ойласа,шарашап басына сан түрлі ойлар келіп, шаршағаны соншалықты бауырын құшақтап тәтті ұйықтап қалды.

Оянса түннің бір уақыты сияқты, есік ашылып жығылып сүрініп  маскүнем әкесі келе жатты, бала жүрегі шымырлап қатты қорққаннан денесі қалшылдап кетті.

Әкесі тып-тыныш,  ешқандай шу шығармай, тіпті анасын да іздемей ұйықтап қалды. Қорқынышты түн де тыныш өткеніне қуанып, Аян бауырының қасына келіп ұйықтап қалды. Аян төсегінен ерте оянып, таңғы асын дайындап бауыры екеуі мектепке дайындалуға тұрды. Әкесінің бөлмесіне көзін салып қойды. Әкесі қорылыдап рахаттанып ұйықтап жатыр. Бауырын асықтырып тез тамақтарын ішіп, үйде үлкен дауыл болмай тұрғанда мектепке кетіп қалды. Түсте келсе әкесі ұйқысынан оянып анасын іздеп жатыр екен, Аянан қайда кеткенін  айқайлап сұрай бастады.

Аян таяқ жесем де анасының, қайда екенін айтпауға өзіне уәде берген болатын, білмейтінін айтты. Әкесі орнынан турып әйелінің кетіп қалғанын біліп, далаға іздеуге шықты. Аянның анасы орталыққа бір  құрбысының үйіне кетіп қалған болатын.

Аянның әкесі туысқандарына кеткен шығар деп, көрші ауылға барып келмекші болды, үйіне келіп киімін ауыстырып, балаларын үйден қашып кетсеңдер өлтіремін деп  қорқытты. Аян бауыры екеуі ешқайда  бармайтындарын айтып үйлерінде қалды. Аянның анасы біраз күн үйіне оралмады. Күйеуі ақыры іздеп оны тапты. Туысқандарын қорқытып, қашып кеткен құрбысының үйінен әйелін алып келді. Келмесе балаларын өмір бақи көре алмайтынын айтты. Тағы да отбасында тыныштық бұзылды, әкесі мен анасының ұрыс-керісі одан бері ұшықты.

Аянның әкесі ауылдан кетуге бел байлады, өйткені оның абыройы кетіп, елдердің әңгімесі бүкіл аулға тарады. Оның қаталдығы, отбасын жазалауы, әйелінің күнде таяқ жеп жүргені туралы өсек-аяң құлағына түрпідей тиді. Бұрын ауылында ауықатты отбасы болатын, қолында  бәрі бар ешкімге зияны жоқ болатын. Аянның әкесі үйін сатып орталыққа көшпекші болды. Ақыры бұлар орталық ауданға қарай көшті. Дайын үй сатып алатын ақшасы болмағандықтан пәтер жалдап тұрды. Анасы жұмысқа шықты базарға саудаға, ұсақ- түйек бірдеңе сатып күнделікті напақаларына жететін, әкесі де жүргізуші болып жұмысқа тұрады. Отбасыларында аз да болса тыныштық орнап, ел қатарлы өмір сүріп жатты.

Аян мектептен бүгін кеш қайтты, себебі ойын басқа жаққа  бөлгісі келді, жолда келе жатып жаңа көршілерінің баласы Жанатты көрді, ол үйінде компьютер бар сомен саған түрлі ойындар көрсетемін деп Аянды қонаққа шақырды, Аян ата-анасы жұмыстан кеш қайтатындықтан не де болса барып ойын ойнап көруге бел буды.

Жанаттың үйі әдемі екен, үйлері кең, жарық, үш бөлмелі. Жанат үйінде жалғыз ерке бала екенін айтып Аянға мақтанып қойды. Жанаттың анасы үйінде екен, ол қонақ балаға шай тамақ беріп, сабақтарыңды жақсы оқыңдар деп өз бөлмесіне кетіп қалды. Жанат анасына өтірік айтыпты, Аян екеуі мектепте жарысқа қатысамыз деп анасының компьютерін пайдалануға рұқсатын алыпты. Жанат компьютерлік  ойын ойнаудың шебері екен. Ол Аянға неше түрлі ойындар көрсетіп өз өнерін мақатан етті. Тіпті Аянға да аз кем, жеңіл ойындарды үйретті. Кейін ата-анаңа компьютер сатқызып ал деп ақыл да айтты. Аян ата-анасын тапқан табыстары тамақтарынан артылмай әрең күн көріп жатқандарын айтуға намыстанды. Аян үндемей басын изеді. Уақыт өтіп жатты. Аян ауылдан көшіп кеткендерін  жақсы болды деп ойлады, мектепте де мұны ешкім танымайды. Өйткені маскүнем әкесін балалар мазақ қылып, Аяның бетіне басатын, ол мектепте ұялып ешкіммен дос болмайтын, жалғыз өзі елден бөлек жүретін, мектептен қайтарда бауырын ертіп екеуі қайтатын. Қазіргі жаңа мектебі жақсы, сабақ үлгерімі жақсы болмаса да ақырындап үйреніп, бейімделіп келеді. Кейбір сабақтары жақсы, анасы да бұларға ұрса бергенді қойды. Әкесі де ұрыс –керісті азайтты, бұрынғыдай емес арағын қойды, анда-санда болмаса, үйлерінде ақырындап тыныштық орнады.

Аян Жанатпен дос болып жүріп компьютерлік ойынды ойнап, жақсы меңгеріп алды.  Ендігі арманы ақырындап, анасына компьютер алдырып алса. Анасына мектепте көп тапсырмалар компьютермен жасалатын, басқа балаларда бар екенін айтып шағымданып, ақыры компьютер алғызды. Аянның арманы орындалды, ол кеш болса үйден шықпайды, үйіне келе сала сабағын тез оырндай сала, ойынға кіріседі. Қадағалаусыз болған соң  ешкім шектеу қоймайды. Сөйтіп жүріп бұл 4-жыл бойы компьютерлік ойын ойнап, өзі бір қиял әлемінде жүрді. Тіпті әкесінің арақ ішіп, үйлерінде жанжал шығарып, оны аямай соққыға жығатынына да мән бермеді. Кейде мектепте сыныптастарымен бірге қыдырып, киноға барып үйлеріне кеш қайтатын. Есейіп өмірі өзгере бастағандай. Бауыры да оны мазалмайтын болды. Ол сабақтан келе сала компьютерге отырады, тамағын да осында отырып іше салады. Санасында тек компьютерлік ойын ғана тұрды.  Уақыт өтіп жатты, Аянның анасы әкесімен ұрысып қалып біраз уақыт бөлек тұрды. Аян әкесімен тұрғысы келмеді, бірақ оқуынан кетпеу үшін, мектебі өзіне ұнағасын қатал әкесінің қолында қалуды құп көрді.

Анасы әкесімен қайтадан қосылып тұрып жатты. Күндер өтіп жатыр бұлардың отбасына  тыныштық орнамады. Аянның әкесі соңғы уақытта арақтан бас алмайтын болды, күнде ұрыс керіс. Бауыры анасы үшеуі кешкі тамақ ішіп отырған болатын, әкесі күнде ерте келмеуші еді бүгін ерте келіп, бірақ мас күйінде келе сала анасының ас үйде кешке дайындап қойған тамағын ішпей,үстелден лақытырып жіберді. Тағы қатты ұрыс керіс басталды. Анасының басынан төпештеп ұра бастады. Аян анасын аяп орнынан тұрып әкесіне қарсы шығып, еді оны әкесі қолмен ұрып жіберді. Аянның ішінде ашу-ыза бой бермей қалшылдатып жіберді. Анасын әкесі оқтаумен тарсылдатып ұра бастағанына шыдай алмай, Аян ас үйдегі ыдыс аяқ жақта тұрған пышақты қолына алып,  әкесінің кеуде тұсынан қалай бірнеше соққы жасағанын өзіде білмей қалды,  қолы қызыл қанға боялып, басы мең-зең болып бір орнында қатты да қалды. Анасының шырылдаған дауысынан басы айналып, өзінің не істеп қойғанын білмей дал болды. Әкесі ауыр соққыны көтере алмай қансырап, жедел жәрдем шақырғанша өмірден өтіп кетті. Сол мезетте анасы полиция шақырып, баласын өз қолымен темір торға жіберді. Аяның түрі боп –боз болып келген тергеушіге мен өлтірдім дегенен басқа еш сөз айтпады. Зар жылаған бауыры «менің ағам қанішер емес ол бізді қорғады»,  деген сөзі есінде қалды. Бірақ күнде, Аян 15- жасында қылмыскер атанды. Бозбала шағы енді темір тордың артында өтеді.

Кеудесіндегі әкесіне деген ұзақ жылдар бойы жиналған  ашу-ызасы  тарқағандай болды,  әкесін байқаусызда өлтіріп алғанына қатты өкінді.

Сол бір сәтте миы неге істемей қалғанына өкініп, өз қолын қайта-қайта сүрте берді. Көзінен ащы ыстық жас шығып, іші алай түлей болды. Ол осы бір оқиғаны есіне алғысы келмейді. Тергеуші оның ұзақ тергеп, жасөспірім қылмыс жасау барысында  ақыл-есі дұрыс психиятордың-сараптамасы, психолог маманның, кримниналдық экспериза т.б тексерудің нәтижесінде Аянның туған әкесін өлтіргенін растап, сот оны Қазақстан Республикасының  қылмыстық кодексінің 99 бабы 1- тармағы бойынша, ҚК 55 бабы бойынша кәмелеттік жасқа толмағандығын ескеріп, 5-жылға бас бостандығынан айырды. Осылайша кішкентай Аян бір-ақ күнде, қанды қол қылмыскерге айналды. Аянның мектебі, ауылы мұндай қылмыс жасаған кішкентай жасөспірім оқиғасына дүр сілкінді. Біреу аяушылықпен қараса, енді бірі мұны айыптады, туған әкесін өлтірген қылмыскер жазасын темір торда өткерсін деп жек көрнішпен қарады. Қазір Аян темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатыр, ол бұл жасаған қылымысының жазасын өтеп тезірек, анасы мен бауырымен қауышқысы келеді. Оған басында келгенде қиын болды. Қазір болашаққа үмітпен қарайды. Аянның ендігі ойы тезірек жазасын өтеп, анасына қамқоршы болып бауырына көмектессем дейді. Жазасын өтеп жатқан мекемедегі мектепті бітіріп аттестат алып, болашақта  програмист мамандығы бойынша оқып, қоғамға бір пайдалы жұмыс жасасам деген араманы бар. Аянның көзінен бір үміт оты бар сияқты көрінді. Аянға ұқсас бұл жерде қаншама жас қылмыскер балалар жазасын өтейді.

Қазірігі уақытта жасөспірмдер арасында қылмыс саны артқан, оған кім кінәлі?

Бала тәрбиесіне қазақ халқы қашан да ерекше мән берген. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, балалардың үйдегі тәрбиесіне келгенде ешбір ата-ананың аянып қалмайтыны рас. Дегенмен, заман ағымына сай жұмыс бастылықпен қазіргі таңда бала тәрбиесі кейінге қалып барады десек артық емес. Қазір балалар өз еріктермен өмір сүруде. Неге десеңіз, әлеуметтік желіде көп отыратын осы бір кәмелеттік жасқа толмаған қараусыз балалар не көріп, не үйреніп жатқанынан, шыны керек кейбір ата-аналар мүлдем хабарсыз. Сондықтан болар, соңғы кездері жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық азаймай тұр. Оның соңы түзеу мекемесімен аяқталуда.

– Бала қылмысты бекер жасамайды. Олардың ұрлық жасауына, төбелесіп, біреуге жәбір көрсетуіне де отбасындағы тәрбиенің жетімсіздігі немесе ата-аналарының бейқамдығы себеп болады. Әке-шешесінің жан жылуын сезінбей өскен бала мінез-құлқы толық қалыптаспай, ауытқып тұрған шағында қылмысқа ұрынады. Міне, осындай жылулыққа мұқтаж жасөспірімдердің мінез-құлқын жақсы жағына қарай өзгерту, соны жүзеге асырушы адамның өзінен парасаттылық пен имандылықты, ең бастысы шыдамдылықты талап етеді.

Қазіргі қоғамда алаңдататын басты мәселелердің бірі осы жасөспірімдер арасында соңғы кезде қылмыстың көбеюі. Осындай ауыр қылмысқа баратын жасөспірімдер, жасөпірімдердің мінез-құлқының ауытқуына түрлі жағдайлар себепкер болады. Менің ойымша, отбасына әлеуметтік түрлі жағдай себепкер. Мысалға алып қарасақ, Аянның тағдыры, сонымен қатар ақша тапшылығы, жұмыссыздық сол жанұядағы баланы дала кезу, ұрлық жасау, кісі тонау секілді қылмыстарға итермелейтін ащы да болса шындық.

Сондай-ақ адамның ерік-жігері мен санасы, қоршаған орта да ықпал ететіні анық. Бала жасөспірім кезінде аса еліктегіш, зиянды әдеттерге тез әуестенгіш келеді.

Сондықтан да бала тәрбиесіне ең бірінші кезекте отбасы баса назар аудару керек.

«Тентегін тезге салған текті елдің» ұрпағымыз. Ең алдымен, ата-анасының өзі үлгі болу керек. Балаңды тәрбиелеу үшін өзіңді тәрбиелеу керек. Отбасындағы әрбір ересек адам баланың әбден ақылы толысып, өз ісіне дұрыс баға бере алатын жасқа жеткенше әр қадамын қадағалау керек. Абай атамыздың жетінші қарасөзін насихаттаудан жалықпайды. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі-ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар-тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды,һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Екіншісі-білсем екен деп ұмтылып, одан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?»деп?», «ол неге үйтеді?», «бұл неге неге бүйтеді?», деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі-жан құмары, білсем екен, көрсем екен үйренсем екен деген үлкен пәлсапалық ой жатыр». Яғни ұлы ақынның балаға туғаннан тән азығы-тамақ қандай қажет болса, жан азығы-жылулық пен сүйіспеншілік сондай қажет.

Қазіргі уақытта Аян сияқты балалармен түзеу мекемесіндегі қызметкерлер әр түрлі жұмыс жасауда. Балалармен баланың тілінде сөйлесу арқылы ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін, өткен ісіне өкінішпен қарауға үйретеді.

Балалардың жаны нәзік. Сырт көзге білдіргілері келмегенмен,әрдайым сенен бір жылы сөз естуге, қолдауға зәру. Ол тіпті қанды қол қылмыскер бала болсын.  Сондықтан әр баланың жүрегіне тиісті кілт таба білу керек. Кейбір қылмыскер балалар неге қылымысқа барғандарын өздері де кейде түсіндіре алмайды. Аянмен сұхбат соңында өз ойын айтты: Ең ауыр жағдайда еңсеңді нықтап сынақтан сүрінбей өтуіңе, өмірде кездесетін ең маңызды нәрсе өз мақсатың, өз арманың, болуына деген нық сенім. Менің де басыма сынақтар түсті, жастайымнан қара өмірдің дәмін татып қателікке бой алдырдым. Осынша жылдың ішінде, ұзақ ойлардың нәтижесінде өмірден үлкен сабақ алып,жіберген қателіктерім үшін өзіме есеп бердім. Жаңа ақ парақтан бастап жазылатын жаңа өміріме, жаңа болашағыма сенімім айқындала түсті. Ендігі өткен шақтың бұлыңғыр естеліктерін ұмытып,бостандыққа шыққан сәттен бастап, жаңа өмірді жаңа қадаммен өзіме және жақындарыма лайықты етіп өткен істің қателіктеріне бой алдырмайтындай қылып жалғастырам дейді жасөспірім Аян.

Әрине, әрбір істің өз қиындығы бар, бірақ әркім өз мамандығының шебері болуы тиіс. Қандай да болмасын жағдаяттың шешімін табу мол жауапкершілік пен ізденімпаздықты, білімділікті талап етеді.

Хакім Абай: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» дегендей, біз өзімізді жас шыбықты баптап жатқандай сезінуіміз керек, бар күш-жігерімізді шыбықтың түзу өсіп, мол жеміс беруіне жұмсаймыз.  Аянның аянышты тағдырына ұқсас оқиғалар  біздің қоғамда болып жатқанына сізбен біз куә.

Жеңісхан Еркегүл

ЛА-155/6 мекемесі

Нашар | ПлохоОнша емес | Так себеБолады | НормальноЖақсы | ХорошоКеремет | Отлично (1орташа баға | оценок, среднее: 5,00ішінде | из 5)

Загрузка...

Комментарий