Жаңалықтар | Новости

КВИ белгілері бар пневмонияға шалдығушылар саны артып барады

Денсаулық сақтау министрлігі 23 қарашадағы жағдай бойынша, COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдығушылар туралы тың деректермен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Өткен тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмонияға 44 адам шалдыққан, бір тәулікте одан 27 адам емделіп, сауықты.

1 тамыздан бастап COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдығушы науқастардың жалпы саны – 41 203, кісі өлімі – 427, жалпы бұл аурудан емделіп, жазылғандардың саны – 30 086.

Өткен тәулікте 7 адам коронавирустан қайтыс болды, пневмониядан кісі өлімі тіркелген жоқ.

Пандемия басталғаннан бері 1 990 адам коронавирустан, 1 тамыздан бастап 427 адам пневмониядан қайтыс болды.

Комментарий