Жаңалықтар | Новости

Коронавирусты емдеуде борсық майының тиімділігі қандай?

Халықтық ем-дом коронавирус инфекциясын емдеуде көмектеседі ме, деген сауалға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары Ләззат Ералиева жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

– Шындығында, халықтық медицинада, әрине, борсық пен аю майлары жиі қолданылады. Бірақ оның тиімділігін айғақтайтын тағы бір жағынан нақты дәлел жоқ. Бұл майларды, әсіресе кішкентай балалар ішке қабылдаса, коронавирустан айығып кетеді деп айта алмаймыз, бізде мұндай дәлелдемелік база жоқ. Сондықтан дәстүрлі медицинаны қолдану коронавирус ауруның жеңіл жүруіне көмектеседі деп кесіп айтуға болмайды, – деді Ләззат Ералиева ОКҚ брифингінде.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясының 791 жаңа жағдайы тіркелді, ал одан ем алған 311 адам сауықты.

Комментарий