Спорт

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері командадан кетеді – БАҚ

Чехиялық маман Михал Билек Ұлттар лигасында Литвамен соңғы матчынан кейін Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді, – деп хабарлайды Vesti.kz басылымы meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

БАҚ мәліметінше, келісімшартты Футбол федерациясының ұзартуға ниеті жоқ. Билек бұл туралы бапкерлер штабына айтқан.

Чехиялық маман Қазақстан құрамасымен 2019 жылдан бастап жұмыс істейді. Оның командасы Еуро-2020 іріктеу турнирінің топтық кезеңінде бесінші орын алды.

Биылғы Ұлттар лигасында Қазақстан тағы бір ойын өткізеді. Оған дейін құрама С тобында соңғы орында тұр. Командалардың орны туралы мына сілтемеден танысуға болады.

Билек бастаған команда 18 қарашада Алматыда Литва құрамасымен ойнайды. Бұған дейін 15 қарашада өткен кездесуде ел құрамасы Албаниядан 1:3 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Комментарий