Аймақтар | Регионы

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР АЯСЫНДА…

Жұмыспен қамту жол картасы және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» бойынша 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойыншы мәлімет. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындабүгінгі күнге жұмыс сұрап өтініш білдіргендердің саны – 3181, оның ішінен 1429 ауыл тұрғындары.
Қазіргі таңда белсенді шаралармен қамтылған азаматтардың саны 4389, атап айтқанда:
тұрақты жұмыспен қамтылғандары – 1 476;
қоғамдық жұмысқа жолданғандар – 1 064;
жол картасы аясында орналасқандар – 556;
Жастар практикасы – 260;
Мемлекеттік грант алғандар – 487;
«Бастау бизнес» кәсіпкерлікке оқыту – 242;
Әлеуметтік жұмыс орындарына – 137;
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға – 131;
Шағын несие алғандар – 41;
Есепті кезеңде 878 жұмыссыз азамат есепте тұр. Оның ішінде ауыл тұрғыны – 691 адам.
Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету.
2020 жылы кешенді жоспар бойынша 131 азаматқа қысқа мерзімдік кәсіптік оқыту жоспарланған, бөлінген қаржы 39 498,0 мың. теңге. Бүгіңгі күнге толық 131 азамат Тараз қаласына оқуға жолданды.
Оқуға жолданғандардың ішінен 131 азамат оқу орнын аяқтады, 126 азамат жұмысқа орналасты. 5 азамат мемлекеттік қайтарымсыз грант алды.
Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша : 2020 жылы ауылға 27 азаматқа 94 800,0 мың теңге шағын несие беру жоспарланған. Несие алуға 84 азамат жолдама алды, оның ішінен 36 адам несие алды (2 азамат 2019 жылғы қаржы есебінен). Игерілген қаржы – 147 500,0 мың теңге. Басқа азаматтардың жолдамалары қаралуда.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру 2020 жылға 487 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Қаралған қаржы 265 324,0 мың теңге. Бүгінгі күнге 487 адам 265,3 мың теңге көлемінде грант алды. Оның ішінде 50 азамат Салық органдарына тіркелген және 437 азамат Бірыңғай жиынтық төлем төлеген.
Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.
Әлеуметтік жұмыс орындарына – 80 адамды жолдау жоспарланған, бүгінгі күнге жолданғаны – 137 адам. Бағдарлама бойынша жұмысын аяқтағандар 52, тұрақты жұмысқа 43 адам қамтылған 82,7%.

Жастар практикасын ұйымдастыру бойынша жоспар 240 адам. Бүгінгі күнге жолданғаны – 260 адам. Жастар практикасын аяқтағандар 154, оның ішінен тұрақты жұмыспен 134 адам қамтылған 88% .

Қоғамдық жұмысты ұйымдастыруға жоспарланған адам саны 947, жолданғаны 1 064 адам.

Сарысу ауданы.

Комментарий