Құқық | Право

Түрмеде жеке куәлік берілуде

Бас бостандығынан айырылып, жазаларын өтеп жатқан адамдардың азаматтығын  растайтын жеке куәліктерінің болмауы көптеп кездеседі. Нақтылай түссек,Талдықорған қаласында орналасқан ЛА-155/16 тергеу изоляторына құжатсыз түскендер баршылық.  

«Осындай жағдай туындаған кезде мекеме қызметкерлері облыстық ішкі істер департаменті көші-қон басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, құжаттандыру жұмыстарына дереу кіріседі» – деді аталған  мекеме бастығы Арнай Абдрахманов.

Осылайша мекеме қызметкерлерімен 2020 жылдың 13 қарашасында     7 азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттары жасалды, ал жыл басынан барлығы 12 азаматтың құжаттары әзірленіп, жеке істеріне тіркелді. «Бас бостандығынан айыру орындарында біздің азаматтық-құқығымыздың бұзылмауына септігін тигізіп жатқан мекеме қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз» – дейді құжат  иелері.

Қорыта айтқанда, бұл жұмыс Алматы облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметткерлерінің заң талабын дер кезінде орындалуын талап ете білгенінің көрінісі болып табылады.

Алматы облыстық ҚАЖД.

Комментарий