Шығыс Қазақстан облысында соңғы жеті күнде коронавирус жұқтырғандар дейгейі өскендіктен аудан орталығы – Алтай қаласы карантинге жабылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz басылымына сілтеме жасап.
Аймақтың бас санитар дәрігері орынбасарының міндетін атқарушының қаулысына сәйкес, 15 қараша сағат 00.00-ден бастап қаланың сыртқы шекарасында кіріп-шыққандарды бақылау үшін блокбекет қойылды.
Карантинге байланысты кинотеатрлар, монша, сауна, бассейн, театр, мәдениет нысандары, кітапхана, музейлер, фитнес орталықтары және жаттығу залдары, спорт кешендері, СПА орталықтары/салондары жабық болады.
Бұған дейін ШҚО-ла Риддер, Серебрянск және Жаңа Бұқтырма ауылы карантинге жабылған болатын.
Комментарий