Шоу бизнес

“Дос Мұқасан” тобының әншісі елорда әуежайындағы оқиға үшін айыппұл арқалады

Енді Мұрат Құсайынов 12 625 теңге айыппұл төлейтін болады.

Әйгілі “Дос Мұқасан” тобының әншісі Мұрат Құсайынов елорданың әуежайындағы даулы оқиғадан соң айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімшілік соттың мәліметінше, 14 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласы халықаралық әуежайының Көліктегі полиция бөлімшесіне Эйр Астана әуе компаниясының қызметкері арызданған. Ол Мұрат Құсайыновтың қоғамдық орында тұрып, тексерістен өтіп жатқан сәтте кедендік тексеру қызмектерлеріне былапыт сөздер айтқанын хабарлайды.

Құсайынов сот отырысында жасалған құқықбұзушылыққа қатысты оқылған баяндамаға ешқандай қарсылық танытпаған. Ол өз кінәсін мойындап, өкінетіндігін жеткізді.

Сот Мұрат Құсайыновты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434 (ұсақ бұзақылық) бабының 1 тармағына сәйкес айыпты деп тауып, оған жаза ретінде 5 АЕК – 12 625 теңге көлемінде айыппұл төлеуді міндеттеді.

17 сәуір күні Эйр Астана әуе компаниясының қызметкері zakon.kz басылымына оқиғаның қалай болғаны жайлы айтып берген болатын.

– Ол өзін сондай ашулы ұстады. Мен оған қызмет көрсетуден бас тартып едім, ол болса мені итеріп, бетімнен ұрып жіберді, – деді бойжеткен.

Әуе компаниясындағылар оқиғаны растады.

Ал әшінің сөзінше, оқиға одан туфлиі мен нәскиін шешуді сұрағаннан соң туындаған. Олардың бұл талабы әртістің наразылығын тудырып, ол бұл міндеттерді орындамайтынын айтып, әуе компаниясының қызметкерлеріне өз ойын ашулы күйде жеткізген. Артынша оны рейстен түсіріп алған.

Сурет : aru.kz27 Мамыр 2019, 12:10

Комментарий