Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев соттан оны қамауда қалдыра беруін сұрады. Бұл туралы Атамбаевтың кеңесшісі әрі айыпталушылардың бірі Құндыз Жолдыбаева айтты, – деп хабарлайды РИА Новости.
Дереккөз мәліметінше, Жолдыбаева – экс-президенттің ең жақын кеңесшілерінің бірі.
Тергеуге сүйенсек, ол да 2019 жылы Қой-Таштағы жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар. Сот оған үй қамауында ұстау түріндегі бұлтарпау шарасын таңдаған.
“Менің сотқа бір өтінішім бар – мені қамауда қалдырыңыз. Маған колонияда онсыз да 11 жыл берілді, бірақ оған еш дәлел жоқ. Уақыт бәрін көрсетеді. Мен әлі де шындық жеңетінін білемін.Мен бәріне төтеп беремін”, – деп келтірді Жолдыбаева экс-президенттің сөзін.
Комментарий