Жаңалықтар | Новости

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 12-14 қараша күндері ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде алдағы күндері жауын жауады.

«Бүкіл кезеңде Қазақстанның басым бөлігі Солтүстік циклонның ықпалында болады. Оның бұлтты алқаптары қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын әкеледі, оңтүстік және шығыс бөліктерде кей жерлерде қатты болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, солтүстік өңірлерде бұрқасынның пайда болуына әкелетін екпінді жел күтіледі», — делінген хабарламада.

Комментарий