Бас тақырып | Тема дняЖаңалықтар | НовостиЭкономика

200-ден астам қазақстандық турфирмаларға алданып қалған

Өткен жылы 200-ден астам қазақстандық турфирмалардың алаяқтығынан зардап шеккен, деп хабарлайдыҚазАқпарат «Туристік Қамқордың» баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылы 200 адамға 7 турфирманың және олардың менеджерлерінің алаяқтық іс-әрекеттерінен жалпы сомасы 137 млн теңгенің зияны келген.

Атап айтқанда, өткен шілде айында турфирмалар тарапынан алаяқтықтың 4 фактісі тіркелді.

Мысалы, Алматыдағы туристік компания 30 қазақстандықты 19 млн теңгеге алдаған. Фирма Түркияға жолдамаларды арзан бағамен сатқан. Зардап шеккендердің сөздерінше, оларға қонақ үйде брон расталмағаннан кейін күмән туындай бастаған», — деп хабарлайды қордан.

Сонымен қатар, дәл сол айда Алматыда турфирманың алаяқтық іс-әрекеттерінен 10 адам зардап шеккен. Шығын сомасы 10 млн теңгеден асты. 47 үндіс турисі Қазақстанға келмек болып, құжаттарады ресімдеу міндетін алған фирмаға 5 млн теңге төлеген. Кейін анықталғандай, фирма оларға визаны ресімдемеген болып шықты, ақшаны да қайтармаған.

Басқа жағдай 2018 жылғы маусымда Қарағандыда орын алды. Дем алуға ұша алмаған және төленбеген билетпен қонақ үйде және қарыз қолхаттарымен қалған 18 адам полиция арқылы  турагент директорына іздеу салынды.

Ал қыркүйекте Өскеменде 60-тан астам адам турмкомпаниялардың іс-әрекеттерінен зардап шекті. Директорға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Келтірілген шығын сомасы 30 млн теңгені құрайды.

Қазан айында 50 адам алаяқ компаниядан Оңтүстік Кореяға тур сатып алды. Зиян шеккендер тиісті арыздарымен полицияға жүгінді. Келген шығынның жалпы сомасы — 17 млн теңге.

Сондай-ақ, желтоқсанда Ақтөбеде турфирма менеджері 56 млн теңгені жымқырып, қашып кеткен.

Комментарий

Бөлісу | Поделится