Жаңалықтар | Новости

15 қарашада Алматыда блокбекеттер қойыла ма?

Әлеуметтік желілерде 15 қарашада Алматыда блокбекеттер қойылатыны туралы хабарламалар тарап жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хабарламада Алматыда карантиннің күшейтілетіні туралы айтылады. Қазақстанның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері хабарламаға қатысты пікір білдірді.

“Бүгінде Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақты, блокбекеттер қою немесе қаланы жабу жоспарда жоқ. 15 қарашада блокбекеттер қойылатыны туралы ақпарат жалған”, – деді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Еске салайық, мұның алдында Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалада егде жастағы адамдардың арасында коронавирус өршіп жатқанын айтқан болатын.

Комментарий