Жаңалықтар | Новости

ЖАҺАНДЫҚ ЖИЫННЫҢ БЕРЕРІ КӨП

ЖАҺАНДЫҚ ЖИЫННЫҢ БЕРЕРІ КӨП

Әлемдегі қоғамдық ойдың көшбасшылары биыл 16-шы рет Алматыда бас қосты. Бұл шара осы жолы 3 күнге созылды. Бірінші күні «Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы» тақырыбы аясында «Экологиялық журналистика», «Виртуалды ақпаратты қалыптастыру», «Кинодағы продюсерлік өнері», «Фрилансер болу міндетті ме?», «Фотожурналистиканың құпиясы», «Ұтқыр журналистика», «ТВ және Digital-медиа аудиториясындағы түрлі буындардың ерекшелігі» бойынша авторлық шеберлік сабақтары өтті.

Екінші күні форумның ресми ашылу рәсімі өтіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты оқылып, Армения Президенті Армен Саркисян мен Ресей Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко және Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қонақтарға өз лебіздерін білдірді. Одан кейін «Жаһандану: әлем дамудың жаңа үлгілерін іздейді», «Тұтыну дағдарысы», «Бұқа- ралық медиадағы сандық жүйе: сын-қатерге төтеп береміз бе?», «АІ дәуірі: адамзаттың азуы ма, әлде гүлденуі ме?» деген тақырыптарда мәжілістер өтті. Ал, 24 мамырда форум тағы 2 мәжіліспен жалғасады.
Жасыратыны жоқ, жұртшылық арасында кейде мұндай шаралардың қоғамға еш пайдасы жоқтығы, онда талқыланған мәселелер сол жерде қалатындығы жөнінде жиі сын айтылады. Бұл мәселе туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев: «Еуразиялық медиа форум қазақстандық журналистерге не береді деген кезде, бірінші сіздер осындай форумдар арқылы ғаламдық сұрақтарға ізденіс жасайсыздар. Екінші жағынан, сұрақ қою арқылы өздеріңізді кәсіби тұрғыдан жақсартуға болады. Қазіргі жағдайда басқа елдерден сырт өмір сүре алмаймыз.

Бұл жерде көптеген нәрсе талқыланып жатқан- дықтан, дүниежүзілік уақиғаларға өзінің оң нәтижесін тигізеді деп сенемін», – дегенді айтты. Форум мәжілісі кезінде Армения Президенті Армен Саркисян әлеуметтік желілер дәстүрлі БАҚ-ты ауыстырмайтынын, қайта біріктіре беретінін жеткізді. Lean Path компаниясының вице-президенті Стивен Финн (АҚШ) энергетика және азық-түлік дағдарыстарын бір-бірі- нен бөліп қарауға болмайтынына жұртшылық назарын аудартты. Оның айтуынша, АҚШ-та ойсыз пайдалану салдарынан азық-түліктің 30-40 пайызы қалдықта қалады. Мұндай жағдай тұрмыстың жақсаруына байланысты қазір барлық елде көрініс тауып, халық арасында семіздік белең алуда. Оның бұл пікірін ары қарай жалғастырған өзге сарапшылар қоғамдағы бүкіл түйткілді мәселенің түйінін тарқатуда журналистердің қосар үлесі өте қомақты екеніне тоқталды.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Комментарий