Қоғам | Общество

Назар аударыңыз:Алаяқ

Құрметті азаматтар!
Соңғы уақытта азаматтарға қоңырау шалып, өзін ХҚО қызметкерімін деп таныстырып, қарызын төлеуді немесе тексеріс үшін жеке басының мәліметтерін сұрайтын алаяқтардың әрекеті жиілеп кетті.
Келеңсіз жайттарды болдырмау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлерінің ешкімге қоңырау шалмайтынын, борышкерлердің мәліметтер базасын көре алмайтынын және коллекторлық компаниялардың жұмысына еш қатысы жоқтығын хабарлайды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы азаматтарға мұқият болып, жеке деректерді үшінші тұлғаларға таратпауға кеңес береді.

Комментарий