Бас тақырып | Тема дняҚұқық | Право

ТӨРАҒА ПРЕЗИДЕНТ ҚАБЫЛДАУЫНДА

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖОҒАРҒЫ СОТ ТӨРАҒАСЫ ЖАҚЫП АСАНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ. ТӨРАҒА ПРЕЗИДЕНТКЕ СОТ ЖҮЙЕСІНЕ ӘКІМШІЛІК ӘДІЛЕТ МЕХАНИЗМІН ЕНГІЗУ БАРЫСЫ ЖАЙЫНДА МӘЛІМЕТ БЕРДІ. СОНДАЙ-АҚ ЖАҢА СУДЬЯЛАРДЫ ІРІКТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖАҚСАРТУҒА, СОТ ПРАКТИКАСЫНЫҢ БІРІЗДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ЖӘНЕ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ САПАСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР ТУРАЛЫ АЙТТЫ.
Биылғы жылдың 30-қазан күні онлайн форматта өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Жоғарғы Сот төрағаларының басын қосатын 15-ші кеңес өткені белгілі. Осы жиынға қашықтан қатысқан Жақып Асанов Президентті кеңес жұмысынан жан-жақты хабардар етті. Өз кезегінде Президент қылмыстық процесте айыптаушы мен қорғаушы тараптар арасында нақты жарыссөзді қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың, кәсіпкерлер мен инвесторлардың сотқа деген сенімін арттыру сот төрелігі жүйесінің басты басымдығы екенін ерекше атап өтті.
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі

Комментарий