– Әнші Димаш Құдайберген 25 жасқа толды. Ол өз туған күнінде Ақтөбедегі үйіне келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Әлемді бағындырып, талайды тамсандырған әнші Нұр – Сұлтан қаласында екінші жеке концертін беру үшін Қазақстанға келген болатын.
Ақтөбеге келгенін әжесі Миуа Низамутдинова әлеуметтік желі арқылы хабарлап, құттықтады. “Дикомыз туған күнінде өз үйінде! Алтыным! Ұзақ ғұмыр тілейміз!”, – деп жазды әжесі. Ал фанаттары өз лебіздерін білдіріп жатыр.
Комментарий