Аймақтар | Регионы

АҚТОҒАЙДАН ЖАҢА СПОРТТЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ

Тәуелсіздігіміздің таңы атқан жылдардан бергі уақыт ішінде біздің елімізде бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту жолында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен қыруар жұмыстар атқарылды.
Елбасы спортқа зор көңіл бөліп, бұл саланы әрдайым мемлекеттік маңызы басым бағыттар санатына қосып келді.
Расында Қазақстан спортының тарихы көрсетіп отырғандай, елімізде жақсы жабдықталған спорт ғимараттарының болуы спорттың дамуына игі ықпалын тигізіп, халықаралық спорттық ареналарда ірі жетістіктерге қол жеткізуімізге дәнекер болады.
Бүгінгі қазақстандық қоғамда бұқаралық спортты дамыту – төтенше маңызға ие көкейкесті мәселе.
Қазіргі уақытта бұқаралық спортты дамытуға ден қойылып, серпін беріліп отыр. Мемлекет басшысы бұқаралық спортпен шұғылданушы халықтың санын 30 пайызға дейін жеткізу туралы міндет қойды.


Ал, бұл – болашақ дені сау ұрпақтың, яғни еліміздің стратегиялық дамуының қамы. Спортшыларымыздың әлемдік деңгейдегі беделді жарыстарда қол жеткізген жетістіктері спортшыларды даярлаудағы қазіргі жүйеміз ықпалды да тиімді екенін аңғартады.
Жоғары жетістіктер спортындағы рекордтар, халықаралық, ұлттық және басқа да ресми спорттық бәсекелердегі жеңістер бұқаралық спорттың дамуына моральдық тұрғыдан игі ықпалын тигізеді.
Бұқаралық спорт дегеніміздің өзі – спортпен жүйелі шұғылданатын адамдар мен спорт түрлерінің дамуы. Экономикалық тұрғыдан дамыған елдер бұл көрсеткішті 30 және одан да көп пайызға жеткізуге ұмтылуда. Саламатты өмір салтын насихаттап, халықты спортқа тарту аса маңызды. Мұның адамның бойына күш-қуат құйып, рухани болмысын жаңғыртатын бірден-бір амал екені даусыз.
Мемлекет спорт саласына тиісті деңгейде қолдау көрсетсе, спортшылар да тиісті дәрежеде дайындалып, соның арқасында жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізе алады.
Міне, осындай мақсатта ашылған бүгінгі Жаңаарық ауылдық округіне қарасты, Ақтоғай елді мекеніндегі спорттық нысанды айта аламыз.
Жаңа нысанның лентасын Жаңаарық ауылдық округінің ақсақалдар төрағасы Аппазов Серік қиып, аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов құттықтау сөз сөйлеп, ауылдықтар қуанышымен бөлісті.
Ашылу салтанатынан соң кіші футболдан жарыс өтті. Жарысқа сегіз команда қатысты. Жеңіске жеткен командалар грамоталармен, медалдармен және де бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Комментарий