Әлемде | В мире

Украинада есірткі заңдастырылмақ

Украинаның халық депутаттарының басым бөлігі заңды жобаға қылмыс деп танылған каннабис есірткісін тіркеу керектігін қарастырып жатыр деп хабарлайды Qamshy.kzақпарат агенттігі Рамблер сайтына сілтеме бере отырып.

Парламент «Украина мемлекеттік адамның өмір сүру құқығын қамтамасыз ету туралы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын тіркегені айтылды. Бұл заң жобасы бойынша, марихуананы медициналық қажеттіліктерге қолдану қылмыс болып саналмайды.

Агенттіктің мәліметіне сүйенсек, жаңа заң жобасын 100-ден астам халық депутаттары қолдады.

Естеріңізде болса, осыған дейін Украина президенті Владимир Зеленский елде марихуананы, жезөкшелік пен құмар ойын орталықтарын заңдастыру мәселесін көтерген еді.

 

Комментарий