Әлемде | В миреЖаңалықтар | Новости

Путин Қарабақ территориясының бөлігі Әзербайжанға берілуі мүмкін екенін айтты

Таулы Қарабақ мәселесінде ресейлік тарап Армения Әзербайжанға жеті аудан беруі мүмкін екенін білген. Мұндай мәлімдемені РФ Владимир Путин “Россия зовет” “ВТБ Капитал” инвестфорумының жалпы отырысында айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі “Известия” басылымына сілтеме жасап.

“Біздің о бастан ұстанымымыз белгілі – Әзербайжанға бес және екі ауданды беру туралы айту керек дедік. Армениямен өзара әрекет ететіндей Қарабақ зонасында белгілі бір режим қамтамасыз етілуі тиіс”, –  Путин.

Ресей президенті Таулы Қарабақ бойынша оңай шешім жоғын атап өтті. Себебі әр тараптың өз шындығы бар. Қақтығыстың түбінде этникалық текетірестер жатыр. Оны КСРО билігі шешпеген. Путиннің айтуынша, бұл армениялықтардың қару алуына түрткі болған. Нәтижесінде Таулы Қарабақ және Әзербайжанның жеті ауданы Армения бақылауына өтіп кеткен.

Енді Баку сол жеті ауданның Арменияға да, алқашқы қақтығысқа да қатысы жоқ екенін айтып отыр.

“Баку не дейді? Бұл – негізінен Әзербайжан территориясы. Әзербайжан “сол жерлерді қайтарып алуға құқымыз бар” дейді. Әр тараптың өзі шындығы барын түсініп отырсыз. Бұл жерде оңай шешім жоқ, себебі жіп қатты байланған”, – деді Ресей президенті.

Еске салайық, 27 қыркүйекте таңертең Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс шиеленісті. Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады.

Комментарий