1 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласының территориясына азаматтардың кіріп-шығуына тыйым салынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
29 қазанда ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің санитарлық пост қойылатыны және қозғалыс шектелетіні туралы қаулысы шықты.
Ерекше жағдайларда, осы қаулыда жоғарыда көрсетілгендерді қоспағанда, жекелеген санаттағы адамдарға аудандар мен қалалардың санитарлық бекеттері арқылы шығуға және келуге рұқсат ауданның/қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша берілуі мүмкін.
Комментарий