Жаңалықтар | Новости

Bek Air жолаушыларына шамамен 34 миллион теңге қайтаруға міндеттелді – министрлік

Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Bek Air әуе компаниясының тоқтатылған рейстерге билеттердің құнын толық көлемде қайтаруы жөніндегі талап арызын қанағаттандырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Комитет 535 адамның мүддесін қорғайды, жалпы сома – 33,8 миллион теңге.

28 қазанда прокурор ведомствоның авиакомпанияға қойған талап-арызын қолдағаны хабарланды. Сонай-ақ, Bek Air АҚ-дан тұтынушылардың пайдасына авиабилеттер үшін төленген қаражат өндіріліп алынады.

Айта кетейік, бұл комитеттің авиакомпанияға қатысты жазған үшінші арызы. Бұған дейін 15 және 26 қазанда Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы Bek Air-дің апелляциялық шағымдарын қанағаттандырмай, бірінші сатыдағы соттың шешімдерін өзгеріссіз қалдырған болатын.

Осылайша, Комитеттің Bek Air-ге қатысты бірінші және екінші талаптары бойынша сот шешімдері күшіне енді.

Ауе компаниясының клиенттерінен келіп түсетін күнделікті шағымдарға байланысты ведомство сотқа төртінші арыз беруге ниетті.

Еске салайық, 27 желтоқсанда таңертең Bek Air ұшағы апатқа ұшырады. Лайнер Алматы әуежайының маңында құлады. Бортта 93 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты.

Комментарий