Без рубрики

Көпбалалы аналарға көмектесу де сауап іс – Дәурен Абаев

ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Дін – Бүгін» бағдарламасының жарыққа шығу себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, дін тақырыбындағы медиаөнім Қазақстан қоғамында үлкен сұранысқа ие. «Халық дінтанушы мен имамдардан, кәсіби мамандардан дін тақырыбындағы сан қырлы сауалдарға жауап алғысы келеді. Діни салт-жоралғылардың мәнін тереңірек түсінгісі келетіндер де көп. Мысалы, көп адамдар  имамдардан сауап ұғымын түсіндіруді сұрап жатады. Ел арасында сауап алу үшін тек мешіт немесе медресе салу керек деген түсінік бар. Дін өкілдерінің өзі сауапқа ағаш отырғызу, мектеп немесе жол салу сияқты игі істер де жататынын айтады.

Олардың пікірінше, әуелі айналадағы адамдардың мұқтаждығы ескерілуі тиіс. Көпбалалы аналарға көмектесу де сауаптың бір түрі» – деп түйіндеді министр. Еске салсақ, Дәурен Абаев бұған дейін де дін тақырыбында пікір білдірген болатын. «Заңды жұмыс істеп жатқан діни бірлестіктермен қазіргі таңда осынау позитивті тәжірибені бекемдеп, ынтымақты, конструктивті өзара әрекетті күшейте беру керек. Бізге дінтану сараптамасын жүргізудің тиімділігін әрдайым арттырып отыру керек деп есептейміз.

Бұл жерде діни мазмұны бар білім және ақпараттық материалдарды Конституцияға және заңға сай келуін тексеру туралы айтылып отыр», – деген еді министр.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kopbalaly-analarga-komektesu-de-sauap-is-dauren-abaev_a3529778

 

Комментарий