Құқық | Право

«Сергек» салған айыппұлдарды өшірген полицейлердің қылмысы әшкере болды

«Сергек» камералары тіркеген мәліметтерді бұрмалап көрсеткендерге қатысты қылмыстық істер қозғалды. «Сергек» камералары тіркеген мәліметтерді бұрмалап көрсеткендерге қатысты қылмыстық істер қозғалды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Шыңғыс Қабдула мәлім еттідеп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар қылмыстық іс қозғалды. Олар «Сергек» камералары тіркеген деректер бойынша әкімшілік құқықбұзушылықтардың бірыңғай реестріне бұрмаланған мәліметтерді жүйелі түрде енгізе отырып, ереже бұзғандардың жауапкершіліктен жалтаруына ықпал еткен», – деді Шыңғыс Қабдула Astana Adaldyq Alańy-ның әлеуметтік желідегі парақшасында өткен брифингіде.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде аталған фактілерге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр, күдіктілер анықталуда.

Комментарий