Қоғам | Общество

Лицензиясынан айырылған университет студенттері не істейді – министрлік жауабы

“Жоғары оқу орындары жабылып, студенттерді басқа оқу орындарына уақытылы ауыстыру қажеттілігі туындауына байланысты министрлік нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізді”, – делінген хабарламада.

Соған сәйкес, ЖОО білім беру қызметімен айналысу лицензиясынан немесе лицензияға қосымшадан айырылғанда немесе жоғары оқу орны жабылған жағдайда аталған оқу орнының студенттері семестрдің аяқталуын күтпей-ақ бірден басқа жоғары оқу орындарына ауыса алады.

Бұл студенттердің оқуын жалғастыруы үшін жасалып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін министрлік Алматыдағы Мұхамеджан Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын бас лицензиясынан айырды.

Сонымен қатар білім министрлігі “педагогикалық ғылымдар”, “өнер”, “гуманитарлық ғылымдар”, “жаратылыстану ғылымдары”, “техника ғылымдары”, “қызмет көрсету” және “әлеуметтік жұмыс”, “әлеуметтік ғылымдар” бағыты бойынша мамандар даярлаған 25 жоғары оқу орнын лицензиясынан айырған еді.

Комментарий