Аймақтар | Регионы

ӘКІМДІК САҒАТЫ

Бүгінгі әкімдік сағатында аудан орталығынан шалғайда жатқан Қамқалы ауылдық округінің тыныс- тіршілігімен таныстық.
Композитор Ілия Жақановтың «Жайлаукөл кештері» әнін білмейтін қазақ жоқ шығар. Тамылжыған табиғаттың ғажап көрінісі нәзік лиризммен өрілген әуен көптің көңіліне жол тапты. Әйгілі күйші Ықылас Дүкенұлының ұрпағы Құлыншақтың шаңырағында 1971 жылы дүниеге келген ән барша қазақ даласын жарты ғасырға жуық уақыт бойы өзіндік әлемінде тербетіп келеді.
Жайлаукөл бүгінде Сарысу ауданының Қамқалы ауылдық округіне қарасты шағын елді мекен. Өзіндік тіршілігі, табиғаты қалыптасқан ауыл.
Аудан орталығы Жаңатас қаласынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұдан бөлек, аталған округтің құрамына Шығанақ елді мекені де кіреді. Жайлаукөл алғаш кеңшар ретінде 1954 жылы мал шаруашылығын дамыту мақсатында құрылған екен. Кезінде осы Жайлаукөл, Шығанақ ауылдарында асыл тұқымды қаракөл қойлары өсірілген. Мұны жергілікті тұрғындар әлі күнге дейін айтып отырады. Ал қазіргі кезде ауылдық округ дәрежесі бар Қамқалы және Шығанақ ауылдары 1963 жылы осы Жайлаукөлден бөлініп шығыпты. Көпшілік Жайлаукөл ауылы туралы әлі де жыр қылып айтады.
Бүгінде Қамқалы ауылдық округіне қарасты үш елді мекен бар.
Шығанақ, Қамқалы ,Жайлаукөл. Аудан орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан.
Жалпы халық саны 897 адам. Шығанақ елді мекенінде- 304 адам, Қамқалы елді мекенінде – 200 адам ,Жайлаукөл ауылында-393 адам.
Аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов округ тарихына тоқтала келе, ауыл әкімі Мақсат Төлеутайға сөз кезегін берді.
Округ әкімі Қамқалы ауылдық округінің тыныс-тіршілігімен таныстырып, тікелей эфир барысында түскен сауалдарға жауаптар қайтарылды.

Комментарий