Жаңалықтар | Новости

Алматы облысында карантинге байланысты жаңа шектеулер енгізілді

Алматы облысында карантиндік шаралар күшейтіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е.Сыдымановтың 28-қазандағы “Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын енгізу туралы” қаулысына қол қойды. Ол бойынша 29 қазаннан бастап өңірдегі:

Тамақтану орындарында адам қабылдау 50-ден 30-ға дейін қысқартылады; 30-дан аса адам қабылдайтын мейрамхана, кафе мен асханалар жабылады. Одан бөлек, егер алдындағы қаулыда бір үстелде 4-6-дан аса адам отыруға тыйым салынады делінсе, енді 4-тен асырмау жайы нақтыланады. Тамақтану орындарының жұмыс кестесі өзгеріссіз қалдырылды: сағат 9-00-ден 22-00-ге дейін. Бірақ жаңа қаулыда оларға тек жұмыс күндері жұмыс істеуге рұқсат берілген, ал демалыс күндері тек үйге тамақ жеткізу қызметі тұрінде ғана жұмыс істей алады.

Одан бөлек мектепке дейінгі барлық ұйымдардың жұмысына тыйым салынды, тек 15 бала қабылдаған кезекші топтардан басқасы.

Орналасқан орнына қарамастан барлық бассейндер жабылады.

Спорт нысандарында да кісі қабылдау 50-ден 30 процентке қысқартылды. Ұлттық құрамаға жаттығу өткізуге рұқсат беріледі, сондай-ақ олимпиада мен ел біріншіліктерін де өткізуге рұқсат, тек көрермендердің қатысуынсыз.

Демалыс және мереке күндері барлық сауда үйлері мен сауда және ойын-сауық орталықтары да жабылады. Бұл нысандағы азық-түлік және дәріхана бөлімдері ғана жұмыс істейді.

Мемлекеттік қызмет пен кәсіпкерлік сала өз жұмысшыларының 50-60 процентін қашықтықтан жұмыс істеуге көшіруге міндетті.

Комментарий