Шулы іс | Громкое дело

ҰҚК: Алматыда “Алиев” ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі мен мүшелеріне сот үкімі шықты

2019 жылғы 15 мамырда Алматы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты “Алиев” ҰҚТ жетекшісі Қадыр Алиевке және қылмыстық топқа қатысушылар Аңсар Дартаевқа, Дмитрий Терешин мен Ерсен Жұмабаевқа сот үкімін шығарды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Сотталғандардың төртеуі де ҚР ҚК 125-бабының 2-б. 1), 8) тармақтарымен, 191-бабының 4-б. 2) тармағымен, 287-бабының 3-б. және 390-бабының 2-б. (адам ұрлау, тонау, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру, билік өкілінің немесе жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын лауазымды адамның атағын өздігінен иемдену) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды”, – делінген ҰҚК хабарламасында.  ҰҚТ жетекшісі мен оған қатысушылар К.Алиев, А.Дартаев, Д.Терешин мен Е.Жұмабаев 7 жыл және 1 айға бас бостандығынан айырумен қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде жазасын өтеуге сотталды.

Комментарий