Жаңалықтар | Новости

Армяндар Қарабақтан кетіп жатыр

Таулы Қарабақта 90 мың адам өз үйлерін тастап кеткен. Бұл аталмыш аймақтың 60% халқын құрайды. 1news.az сайтының мәліметінше бұл туралы Таулы Қарабақтың «омбудсмені» Артак Бегларян хабарлаған, деп жазады Newsroom+Ақпарат агенттігі.

Үйлерін тастап кеткендердің басым бөлігі Арменияға кетсе, қалғаны Қарабақтың батысына қоныс аударған.

Бұған дейін Қарабақтағы армяндардың Арменияның Горис қаласына мыңдап кетіп жатқаны белгілі болған еді.

 

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Комментарий