Жаңалықтар | Новости

Енді қазақстандықтар елге ПТР-анықтамасыз орала алады

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қазақстандықтардың ПТР-анықтамасыз елге орала алатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) 26 қазаннан бастап халықаралық әуетасымалдарын жүзеге асыратын әуе компанияларына ПТР-тест нәтижелері туралы анықтамасыз жолаушыларды отырғызуға тыйым салу туралы шешім қабылдады.

Бұл талап тек шетелдіктерге қатысты. Шетелде жүрген Қазақстан азаматтарының ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтамасыз отанына оралуға құқығы бар”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан өңірлері арасындағы ішкі әуе рейстеріне қонған кезде де ПТР-тест нәтижелері туралы анықтама талап етілмейтіні айтылады.

Еске салайық, мұның алдында көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер 26 қазаннан бастап қазақстандықтарды коронавирусқа ПТР тестін тапсыру туралы анықтамасыз ұшақ бортына жібермейтінін мәлімдеген болатын.

Комментарий