Жаңалықтар | Новости

Қазақстандықтар ақшаны қай валютада сақтайды?

Сарапшылар қазақстандықтардың ақшаны көбіне қай валютада сақтайтынын айтты, –  деп хабарлайды Ranking.kz.

Сарапшылар зерттеуіне сүйенсек, қазақстандықтардың көбі ақшаны теңгемен сақтап жатыр.

“Осы жылдың тамыз айының соңына қарай еліміздің банктеріндегі халықтың ұлттық валютадағы салымдарының үлесі 59 пайызды немесе 6 триллион теңген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,5 пайызға көп. Ал қазақстандықтардың шетел валютасындағы салымдарының үлесі бір жылда 45,4 пайыздан 41 пайызға дейін қысқарды”, – дейді сарапшылар.

Қазақстандықтар жинағын теңгемен сақтайтын факторлардың бірі – бұл “валюталық салымдар бойынша нөлдік пайыздық мөлшерлемелермен салыстырғанда” салыстырмалы түрде жоғары мөлшерлемелер.

Комментарий