Құқық | Право

Пробация есебіндегі азаматтармен кездесу өтті

Қармақшы аудандық жастар ресустық орталығында  аудандық  пробация қызметі мен жастар ресурстық орталығының  ұйымдастыруымен пробация қызметінің есебінде тұрған 18- 29 жас  аралығындағы жастармен кездесу өтті.

Кездесу пробация қызметінде есепте тұрған жастарды қоғамға бейімдеп, олардың жұмыспен қамтылуына, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетуге, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, кәсіпкерлік дағдыларын үйрету мақсатында өтті.

Кездесуге аталған санаттағы 10-ға  жуық жас қатысып, оларға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің, білім бөлімінің мамандары табыс көзін табуға жәрдемдесу, қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру бағытында кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, түрлі бағыттағы кеңестер берілді.
Шара барысында қатысушылар пікір алмасып, көкейінде жүрген сұрақтарына тұщымды жауаптарын алды.

Жақсыбек Жүнісов

Қармақшы аудандық пробация

қызметінің аға инспекторы

әділет майоры

 

Комментарий