Жаңалықтар | Новости

Әнші Бүркіт «Борат» жайлы фильм түсіруде

Айбек Жансейітов Борат жайлы фильм түсіріп жатыр, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

«Өкінішке қарай, кинотеатрлар әлі ашылған жоқ. Сол себепті көрерменге «Супер агенттер» фильмін көрсете алмаймыз. Алайда біздің команда бір орнында тұрмайды. «Супер агенттер – 2″ сериалына кірісеміз», – деп жазды әнші Бүркіт өз инстаграм парақшасында.

Әншінің айтуынша, фильмнің басты сюжеті Боратты ұстау барысы.

«Бұл өтірік немесе вайн емес, бұл – нақты жоба. Сондықтан бізге сәттілік тілеп қойыңыздар. Біз Боратты ұстағаннан кейін оған нағыз Қазақстанды көрсеткіміз келеді», – деп жазды ол.

Комментарий