Жаңалықтар | Новости

Түркістан облысында блок-бекеттер қойылмайтын болды

Түркістан облысының бас санитарлық дәрігері санитарлық бақылау бекеттерін орнатпауды жөн деп тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

25 қазанда Түркістан облысының бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, онда бірнеше жеңілдіктер қарастырылған, мысалы кинотеатрлардың, жәрмеңкелер мен мал базарларының жұмысына рұқсат етілген, дегенмен 65 жастан асқан адамдарға аса қажеттілік болмаса көшеге шығуға тыйым салынған. Сондай-ақ, Қызылорда және Жамбыл облыстарымен шектесетін аумақта санитарлық бақылау бекеттерін орнату қарастырылуы тиіс еді. Бүгін, 26 қазанда шыққан жаңа қаулыда бұл шешімнің күшін жою жайы қарастырылған.

Сонымен, 26 қазандағы No41 қаулыда блок бекеттер орнатуды көздейтін тармақты алып тастау жайы да жазылған.

Комментарий