Жаңалықтар | Новости

Шавкат Рахмонов UFC-дегі дебютінде жеңіске жетті

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дегі дебютін өткізді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОАӘ-дегі “Жекпе-жектер аралында” өтіп жатқан UFC 254 турнирінде Рахмонов бразилиялық Алекс Оливейрамен кездескен. Шавкат Рахмонов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.

Осылайша, қазақстандық файтер ММА-дегі 13-жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, бұл Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі дебюті болатын. Ал Алекс Оливейра бұған дейін ММА-де 28 жекпе-жек өткізіп, оның 20-сында жеңген, қалған 8-інде жеңіліс тапқан. Бұл – бразилиялық файтердің UFC-дегі 19-шы кездесуі.

Еске салайық, жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінде Оливейра белгіленген салмақтан ауырлау болған, енді ол бұл кездесуден алатын гонорарының 20 пайызын Рахмоновқа береді.

Комментарий