Жаңалықтар | Новости

“50 жылда ел жаңа”. Соттар енді өзгереді – Жақып Асанов

Қазақстандағы дәстүрлі Судьялар съезінде ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов елдегі сот жүйесі туралы сөз сөйледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Процестеріміздің 95% қашықтықтан өтуде. Күніне 4,5 мыңға дейін онлайн-процесс өтіп жатыр. Соңғы кезде жүйемізде біраз өзгеріс болды. Олар Елбасының Ұлт жоспарынан, Мемлекет Басшысының Жолдауларынан туындайды. Соның арқасында сот жүйесі жаңа кезеңге қадам басты деуге болады. “50 жылда ел жаңа” демекші, қоғам тез өзгеруде. Сот та заманға қарай өзгеру керек екенін түсінеміз, деп бастады ол.

Сосын ол сот жүйесінің қалай жақсарғанына мысалдар келтіре бастады:

Заңгерлер мен адвокаттардың сот процесіне гаджет алып өтуіне салынған тыйым жойылды. Соттардың ресми рейтингі жойылды. Судьяға баяғыдай енді ешкім сөйт-бүйт деп бұйырмайды. Сот шешімдеріне шағымдану 30%-ға қысқарды. “Еститін мемлекет” деген саясатқа сай, қоғаммен диалог құрылуда. “Баспасөз бен әлеуметтік желі не жазып жатыр” деп, тәулік бойы бақылау жүретін болды. Ақтап шығатын үкімдер көбейді. Бұрын жылына 15 адам ғана ақталып келсе, қазір шамамен 180 адам.

Комментарий