Жаңалықтар | Новости

Қырғызстанда президент және парламент сайлауы көктемге шегерілді

Қырғызстанда президент пен Жогорку Кенешке (парламент – автор) депутаттарды сайлау мерзімдері кейінге шегерілді, – деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров елдегі парламент сайлауын 2021 жылдың көктеміне – сайлау жүйесінің реформасы аяқталатын уақытқа ауыстыру туралы заңға қол қойды.

“Біздің заң жобамыз Конституцияға қайшы келмейді. Сараптама жүргізілді, барлығы заңнамаға сәйкес. Заң жобасын қолдауды сұраймын, ол қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді”, – деді Жапаров.

Президенттің м.а. баспасөз қызметінің хабарламасында құжат бірқатар жағдайға, сондай-ақ елдегі қоғамдық-саяси жағдайға байланысты қабылдануы керегі жазылған.

Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау мерзімі конституциялық реформадан кейін Қырғызстанның заңнамасына сәйкес 2021 жылдың 1 маусымынан кешіктірмей тағайындалады.

Бұған дейін Қырғызстанда президент сайлауы 2021 жылдың 17 қаңтарында, ал парламент сайлауы 20 желтоқсанда өтетіні хабарланған болатын.

Комментарий