Қоғам | Общество

700 бас мал өртте қалды

Кеше сағат 17.50-де Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққорған ауылдық округі Түгіскен ауылын жақын маңдағы күріш алқабында құрғақ сабан жанған. Өрт 21 қазанда сағат 20.48-де толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД мен ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 19 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылған.
Өрт салдарынан алдын ала болжам бойынша жеке шаруа қожалығына тиесілі жайылып жүрген 700-ге жуық қой өртеніп кеткен. Сондай-ақ күйіп қалған ұсақ малдар да бар. Олардың нақты саны анықталуда. Оқиға орнында арнайы құрылған комиссия жұмыс істеуде.
Гүлбану МАҚАЖАН
Қызылорда облысы

Комментарий