Саясат | Политика

Ортсайлауком төрағасы Б. Имашев сайлау кезінде онлайн-дауыс беру болмайтынын мәлімдеді

22 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз конференциясында Ортсайлауком төрағасы Берік Имашев журналистің сұрағына жауап бере отырып, Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі науқанында онлайн-дауыс беру көзделмегенін мәлімдеді.

«Сайлау комиссиялары сайлауды әзірлеу мен өткізуді заңнамада белгіленген нормаларға сәйкес қатаң жүзеге асырады. Заңнамаға сәйкес онлайн дауыс беру қарастырылмаған. Демек, дауыс беру дәстүрлі қағаз бюллетендерімен өтеді», — деді Б.Имашев.

Комментарий